• 26.12.2024

«ЖАС ДАРЫН» Республикалық жас эстрадалық орындаушылар байқауы

Авторkaznai

Фев 2, 2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақ ұлттық өнер академиясы Т. Жүргенов атындағы

«ЖАС ДАРЫН»

Республикалық жас эстрадалық орындаушылар байқауы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы музыкалық колледждердің түлектері мен мамандандырылған музыкалық мектептердің 12-сынып оқушыларын 2022 жылғы 15 сәуірде қашықтық форматта өтетін «ЖАС ДАРЫН» республикалық жас эстрадалық орындаушылар байқауына қатысуға шақырады.

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаттары:

  • — заманауи эстрада өнері саласындағы жас таланттарды анықтау;
  • — эстрадалық бағыттағы дарынды музыкант-орындаушыларды қолдау;
  • — музыкалық индустрияның креативті жетістіктерін ұлттық нақыштармен байланыста сақтау;
  • — әлемдік эстрада өнерінің үздік үлгілерін интерпретациялау.

Байқау бір турдан тұрады және екі мамандық бойынша өтеді: «Эстрада вокалисі» және «Эстрада оркестрінің әртісі».

Номинациялар:

  • 1. Эстрадалық вокал.
  • 2. Үрмелі аспаптар (саксофон, труба, тромбон.)
  • 3. Ритм секция аспаптары (электр гитара, бас гитара, классикалық гитара, перкуссиялық аспаптар, джаз фортепиано).

Әр номинация бойынша жүлделі орындар бөлінеді: 1, 2, 3 дәрежелі лауреаттар (диплом).

  • 1 дәрежелі Лауреат академияға түсу кезінде мамандық және музыкалық теориялық пәндер бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
  • 2, 3 дәрежелі лауреаттар академияға түсу кезінде музыкалық теориялық пәндерді тапсырудан босатылады.

Қатысуға өтінімдер мен құжаттарды ұйымдастыру комитеті zhas_daryn_baikau@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылдайды. (Конкурс туралы ереже қоса беріледі).

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: индекс 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127           

  • Web-сайт: http://www.kaznai.kz/
  • Инстаграм: kaznai_estr_inst;  estrada_vocal_kz  
  • Анықтама телефондары: +7 701 784 2567(«Эстрада вокалисі»);
  •   +7 7778393030(«Эстрада оркестрінің әртісі»)
Приемная комиссия