• 05.07.2022

«Эстрадалық вокал» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Эстрадалық вокал» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

          5В040800 «Эстрада өнері» мамандығы мемлекеттік білім стандратына және біліктілік сипатына сәйкес эстрадалық музыка саласында кәсіби дайындық жүргізеді. «Эстрадалық вокал» кафедрасының ұжымы жалпыкәсіби және арнайы пәндер циклы бойынша Үлгілі оқу бағдарламасы, жұмыс оқу бағдарламасы, жұмыс бағдарламалары сияқты қомақты ғылыми-әдістемелік құжаттама жасап, тәжірибеге енгізді.

Кафедрада жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам қалыптасқан. Олар: 5 профессор, 3 доцент, 2 Халық әртісі, 1 Еңбек сіңірген қайраткер, 1 Еңбек сіңірген әртіс, 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, оның ішінде 4 – өнертану кандидаты, 2 PhD.

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ОӘБ басшылығымен Егеменді Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу, әлемдегі жаһандану үдерісі жағдайында эстрада өнеріне кәсіби көзқарастың қыр-сырына негізделген студенттерді даярлау моделі жасалып, енгізілді.

«Эстрада өнері» кафедрасы 2000 жылы «Театр өнері және эстрада» факультетінің құрамында ашылды. Қазіргі кезде кафедра 2008 құрылған «Музыкалық өнер» кафедрасына қарасты. Әр жылдары кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ж.Қалиева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Л.Қ.Төлешева сияқты білікті мамандар басқарды. Ұзақ жылдар бойы кафедраны меңгеріп, дамуына көп үлес қосқан – ҚР халық әртісі, профессор Л.К.Кесоглу, ол 2020 ж. бастап кафедраның «Қадірлі меңгерушісі» атағына ие болды. Қазіргі таңда «Эстрадалық вокал» кафедра меңгерушісінің м.а. өнертану кандидаты Жумабекова Л.А. жалғастыруда.

Кафедраның негізгі оқу-өндірістік параметрлері оның технологиялық, ғылыми-зерттеу, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

2000 жылы Қазақстанда алғаш рет «Эстрадалық вокал» және «Эстрадалық оркестр аспаптары» мамандандыруынан тұратын «Эстрадалық өнер» кафедрасы  ұйымдастырылған. Содан, 2008 жылы Музыкалық факультетіне өзгертілді. Қазіргі таңда кафедра 6В02194  «Эстрадалық өнер»  мамандығы мен «Эстрада вокалисі»  мамандандыру жұмысын іске асыру үстінде.

Кафедра  ұжымында  Қазақстанның халық әртістері: Есқалиева Н.Х. – әнші, профессор. ҚР халық әртісі.

Кесоглу Л.К. – кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Забирова Т.К. – Қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Өнертану ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

Кайсиди Я.Г. – PhD докторы, ҚазҰӨА “Эстрадалық вокал” кафедрасының доценті. Т.к. Жүргенова, әнші, вокал оқытушысы, @kaisidi музыка мектебінің негізін қалаушы.school

  Кафедра шәкірттері:

     Кәсіби музыкант мамандарын  эстрадалық өнер саласына  жоғары деңгейде  тәрбиелеу –  кафедраның ең басты мақсаты.  «Эстрадалық өнер»  кафедрасы өнер саласында жұмыс атқарып жүрген көптеген атақты Қазақстандық әншілерді, әртүрлі конкурстардың лауреаттарын, олардың ішінде: Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Әлішер Кәрімов, Динара Султан, Қайрат Түнтеков, Әли Оқапов, Ернар Садырбаев, Дәулетов Димаш, Жұбан Ерназар, Кенішқалиев Бексұлтан және т.б. дайындаған және де дайындап келеді.

Приемная комиссия