• 27.05.2024

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, 2024 жылдың 11 сәуір

  • ҚазҰӨА
  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, 2024 жылдың 11 сәуір

 2024 жылдың 11 сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен академик, Ұлы ғалым, қоғам қайраткері, аса дарынды тұлға Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Орталық Азия мен Қазақстандағы ғылымның қалыптасу тарихы мен даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің V халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты:

           – көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығы негізінде қазақстандық жастардың ұлттық санасы мен патриотизмін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;

          – студенттердің ғылыми әлеуетін жан-жақты дамытып, заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешу жолында ғылыми зерттеу әдістерімен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Ғылыми конференцияны Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қ.З.Халықов конференция қатысушыларына арнаған құттықтау сөзімен ашты.

Конференцияға қатысуға 107 өтінім берілді. Қатысушылар арасында Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдері, бакалавриат, магистратура, докторантурада оқитын білім алушылар мен жас оқытушылар болды.

Конференция аясында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – 2024 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен Ұлттық құрылтайда талқыланған әлеуметтік консолидацияны нығайту мен кеңейтуде жаңа идеялар мен стратегияларды жастарға жеткізу.

Конференция келесі бағыттар бойынша өткізілді:

1. Қаныш Сәтбаевтың мұрасы және Қазақстан ғылымының қалыптасуындағы ролі.

2. Орталық Азия мен Қазақстандағы ғылым және білім беру: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар.

3.Өнер: тарих, дәстүр, қазіргі заман.

Қатысушылар ұсынған баяндамалар жас зерттеушілердің ғылыми қызығушылықтарының кең ауқымын қамтыды. Ғылыми баяндамаларда еліміздің  өнер, қоғам, мәдениет, білім беру бағыттарындағы өзекті  мәселелері бойынша зерттеулер қарастырылған.

Конференция жеңімпаздары мен қатысушыларын «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Ш. Алимжанова дипломдармен, сертификаттармен марапаттады.

1 орын – Карабаева Дильназ. Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА

2 орын:

  • Нагорная Александра. Қазақстан-Британ техникалық университеті;
  • Санатова Тоғжан. Алматы Менеджмент Университеті

3 орын:

  • Нургалиева Нурия. Қазақстан-неміс университеті
  • Дуанбек Диас. Халықаралық ақпараттық технология университеті;
  • Дитаев Аян. Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА.

Ұлы ғалым, қоғам қайраткері, аса дарынды тұлға Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Орталық Азия мен Қазақстандағы ғылымның қалыптасу тарихы мен даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің V халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы жинағы электронды форматта жарияланды.

2024 Сатпаев Конференция бағдарламасы

Приемная комиссия