• 19.04.2024

21 қарашада Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Әлеуметтік -тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы Сағынаев Нұрланның ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ, бір Отан, бір отбасы» атты кездесу өтті. 


Кездесуге «Құлагер» сыйлығының, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 30 жылда кино саласына сіңірген еңбегі үшін «30 жылға 30 есім» ұлттық жүлдесінің иегері атанған Болат Әбділманов, өнертану ғылымдарының кандидаты, «Сахна тілі» кафедрасының доценті Жұмаш Арман, Оқу үдерісін ұйымдастыру және мониторинг қызметінің басшысы Бақытжан Тұрдалиева қатысты.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздік жолында құрбан болғандарды еске алып, өскелең ұрпаққа мол мұра боларлықтай жақсы кездесу сыйлады. «Өлі риза болмай, тірі байымайды…» — деген, оларды еске алу біздің парызымыз. 

Приемная комиссия