• 04.12.2024

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

Акт, ғылыми-ағартушылық дәріс:

«ОНЫҢ ЕСІМІ БІЗДІҢ ЖҮРЕГІМІЗДЕ ЖӘНЕ ІСТЕРІМІЗДЕ -ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҒАРТУ КОМИССАРЫ ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ»

Түркі мемлекеттері ұйымында 2023 жыл түркі өркениетінің даму Жылы болып жарияланды. Сондай-ақ, қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Қарайұлы Жүргенов жылы болып жарияланды.

Биыл Қазақстанда бірқатар ғылыми және мәдени іс-шаралар өтеді.  Олардың мақсаты — мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын насихаттау, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну, жеке тұлғаның Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін қалыптастыруға және дамытуға қосқан үлесіне арналған жаңа мұрағаттық құжаттарды талдау және ғылыми айналымға енгізу.

Неліктен 2023 жыл Түркі өркениетінің даму жылы болып жарияланды? Себебі, бауырлас халықтардың бай тарихын тереңірек түсіну маңызды, түркітілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту маңызды. Ең бастысы, ежелгі түркі өркениетінің баға жетпес мұрасын сақтау, зерделеу және болашақ ұрпаққа беру маңызды.

2023 жылғы 2 ақпанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, т.ғ.к., профессор, ХАА академигі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Шаймерденова Меңдіғаным Джамалбекқызы on-line режимінде Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің оқытушылары мен студенттері арасында «Оның есімі біздің жүрегімізде және істерімізде — Қазақстанның ағарту халық комиссары Темірбек Жүргенов» тақырыбында акт, ғылыми-ағартушылық дәріс өткізді.

Т. Жүргенов туралы қысқаша бейнефильмдер көрсетілді, сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер академиясының қызметі туралы бейнефильм көрсетілді, оған қазақ мәдениетінің тіректерінің бірі — ағарту министрі Т.Қ. Жүргеновтің есімі берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия