• 29.05.2023

“Көркемсурет” кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • “Көркемсурет” кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

Алматы Мемлекеттік театр және көркем сурет институтының  көркем сурет факультетінің базасында, 1983 жылы «Монументалды роспись және монументалды пластикасы» кафедрасы болып ашылды. Кафедраны ҚазССР Халық суретшісі профессор Х.Е.Наурызбаев басқарды.

   1984 жылы «Монументалды кескіндеме» мамандығы жеке кафедра болып ашылды. Кафедра меңгерушісі болып КСРО СО мүшесі, доцент М.Г.Жакупалиев тағайындалды. 1985 жылы «Академиялық сурет» кафедрасы ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып ҚР СО мүшесі, ҚР ЖАК профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері  – Е.А. Сергебаев сайланды. 1991 жылы «Академиялық кескіндеме» кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі болып, кафедраның негізін қалаған – КСРО халық суретшісі, Қазақстан халық суретшісі, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Республикасына еңбек сіңген қайраткер, Халықаралық ғылыми жоғары мектебінің құрметті академигі, ЖАК профессоры  Қ.Т-Б. Тельжанов тағайындалды.

2004 жылдан бастап «Академиялық сурет» кафедрасы «Академиялық сурет және станоктік графика» кафедрасы болып өзгертіліп «Станоктік графика» мамандандыруы ашылды.  Кафедра  меңгерушісі  болып доцент    Б.Н.Байділда сайланды. 2004 жылы қыркүйек  айынан  бастап, «Монументалды кескіндеме»,«Академиялық кескіндеме» кафедралары қосылып  «Кескіндеме» кафедрасы болып құрылды. 2017 жылдың тамыз айынан бастап № 01/04-205 П 31.08.2017 ж. бұйрығына сәйкес «Кескіндеме» кафедрасы мен «Мүсін» кафедрасыны біріктіріліп, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасы болып өзгертілді. «Академиялық сурет және станоктік графика» кафедрасы (№ 01/04-19 П 01.02.2019 ж. бұйрығына сәйкес) қосылып, кафедра атауы «Көркемсурет» кафедрасы болып ауыстырылды. «Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі болып «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры  Болат Сырлашұлы Тұрғынбай тағайындалды.

   Кафедраның қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан, Қазақстанның өнер қайраткерлері, кескіндемешілер, мүсіншілер, графиктер:

Наурызбаев Х.Е. (1925-2009 ж.) – ҚазССР халық суретшісі, ҚазССР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, профессор;

Тельжанов Қ.Т-Б. (1927-2013ж.)– КСРО халық суретшісі, ҚазССР халық суретшісі, КСРО Көркем академиясының корреспондент мүшесі, ҚазССР  мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңген қайраткер, Халықаралық ғылыми жоғары мектебінің құрметті академигі, ЖАК профессоры;

Шаяхметов К.М. (1928-1995ж.) – КСРО СО мүшесі, ҚазССР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР халық суретшісі, ЖАК профессоры;

Қалимов М.Ғ. (1931-2002ж.) КСРО СО мүшесі, ҚР СО мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет Өтемісұлы атағының жүлдегері, ЖАК профессоры;

Кенбаев М.С. (1925-1993ж.)  ҚазССР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет белгісі» орденінін иегері, ҚР халық суретшісі, ЖАК профессоры;

Джакубалиев М.Г. (1934-1995 ж.)  КСРО СО мүшесі, доцент;

Досмагамбетов Т.С. (1940-2001 ж.) КСРО СО мүшесі, ҚазССР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;

Мергенов Еркін  (1940-2015 ж.) – ҚазССР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР халық суретшісі, Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз «Платина Тарлан» сыйлығының иегері, Әлемдік мәдениетті дамытуға үлес қосқаны үшін Ресейдің шығармашылық Одағымен «Пушкин атындағы алтын медальмен» марапатталған;

Карибжанов Т.К. (1936-2005 ж.) – КСРО СО мүшесі, профессор, көптеген монументалды-декоративті туындылардың авторы;

Абишев Б.А. (1947-2017 ж.) ҚазССР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінін иегері, «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері», Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, академия профессоры, ҚР СО мүшесі, ҚР Көркемсурет академиясының академигі;

Айнеков М.Ө. (1941-2014ж.) ҚР СО мүшесі, Халықаралық симпозиумдардың лауреаты, ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері, академия профессоры;

Сергебаев Е.А. – ҚР СО мүшесі, ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ЖАК профессоры, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері, ҚР Көркемсурет академиясының академигі;

Дүзелханов А.Д. – ҚР СО мүшесі, ҚР еңбегі сіңірген қайраткер, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  академия профессоры;

Каметов Қ. – ҚР СО мүшесі, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА доценті;

Рахманов В.Ю. ҚазССР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР ЖАК доценті, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, «Үздік шығармашылығы үшін» медаліне ие болды, КСРО СО мүшесі, ҚР СО мүшесі, Канада мүсіншілер қоғамының мүшесі;

Өмірбеков Б.Е. – ҚР СО мүшесі, ҚР  еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық өнертанушылар ассоциясының мүшесі, ЮНЕСКО жанындағы халықаралық музейлер кеңесінің Қазақстандағы қауымдастығы президенті, ЮНЕСКО  істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, Украин Суретшілер Одағының құрметті мүшесі, Қазақстан музейлер ассоциясының президенті, ЖАК профессоры;

Қыстаубаев К.И. – ҚСРО СО мүшесі, ҚР СО мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ҚР жаратылыстану ғылымы академиясының толық мүшесі, ҚР жоғарғы мектебінің білім беру озаты, ҚР ЖАК профессоры, ҚР Көркемсурет академиясының академигі;

Оспанов Қ.Б. –  ҚР СО мүшесі, ҚР білім ісінің үздігі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, профессоры;

Қайрамбаев Ж.Қ. – ҚР СО мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалінін иегері, ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры;

Бапанов Ә.Қ. – ҚР СО мүшесі, ЮНЕСКО халықаралық суретшілер ассоциациясының мүшесі,  «Ерен еңбегі үшін» медалінін иегері, «Тарлан» сыйлығының иегері, ҚР Көркемсурет академиясының академигі, «American Tapestry Allianse» мүшесі, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры;

Жунисбаев М.С. – ҚР СО мүшесі, «Құрмет» орденінін иегері, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры;

Тұрғынбай Б.С. –  ҚР СО мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ҚР Көркемсурет академиясының академигі, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры;

Байділда Б.Н. –  ҚР СО мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ҚР Көркемсурет академиясының академигі, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры;

Шүкірбеков Қ.Т. – ҚР СО мүшесі, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры.

Барлық оқытушылардың базалық білімі бар, негізінен, өз академиямыздың түлектері және Санкт-Петербург қаласындағы И.Репин атындағы өнер академиясын бітірген: профессор Ж.Қ.Қайрамбаев, Галле қаласындағы көркемсурет академиясын бітірген доцент Ө.Рыстанұлы, Мәскеу қаласының В.И.Суриков атындағы мемлекеттік көркемсурет институтын бітіргендер: профессор А.Д.Дүзелханов, профессор А.Қ.Бапанов, Мәскеу қаласының технологиялық институтын бітірген профессор Қ.Б.Оспанов – профессор-оқытушылар қызмет етеді. 

Кафедрада: 3 ҚР ЖАК профессоры, 9 академия профессоры, сонымен қатар 8 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 3 PhD докторы, 7 доцент, 9 аға оқытушы, 6 оқытушы сабақ жүргізеді.

«Көркемсурет» кафедрасы ҚР БҒМ мемлекеттік лицензияларына сәйкес келесі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізеді: бакалавриат – 5В041300 «Кескіндеме», 5В041500 «Мүсін», 5В041400 «Графика»/ магистратура – 6М041300 «Кескіндеме», 6М041500 «Мүсін», 5M041400 «Графика» / докторантура PhD – 6D041300 «Кескіндеме», 6D041500 «Мүсін», 5В041300 «Кескіндеме» Бакалавриатында жоғары білікті кадрларды даярлау «Станоктік кескіндеме», «Монументалды кескіндеме» және «Бейнелеу өнері туындыларын қалпына келтіру» мамандандырулары бойынша, ал магистратурада «Станоктік кескіндеме» және «Монументалды кескіндеме» мамандандырулары бойынша жүзеге асырылады.

Жоғары сапалы білім беру МЖБС сәйкес жабдықталған оқу шеберханаларында және витраж, мозаика, мүсіндер мен графиктерге арналған ғылыми-шығармашылық зертханаларда жүргізіледі.

1-2 курстарда студенттер мамандық жайлы жалпы білім алса, 3-4-5 курстарда студенттер мамандандырылуға бағытталған жеке шығармашылық шеберханаларда тәлім алады. Шеберхана жетекшілері: ҚР СО мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сергебаев Е.А., ҚР СО мүшесі, Қазақстан Республикасына еңбек сіңген қайраткері, профессор – Қайрамбаев Ж.Қ.,  профессор – Бапанов Ә.Қ., ҚР СО мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор – Б.С. Тұрғынбай., ҚР СО мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор  Б.Н.Байділда., ҚР СО мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры – Жунисбаев М.С., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры Шүкірбеков Қ.Т.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық және әйгілі кәсіби республикалық конкурстардың, көрмелер, жобалар мен фестивальдардың ұйымдастырушысы, қатысушысы және лауреаттары болып келеді. «Көркемсурет» кафедрасының басқа да түлектері еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде болашақ мамандарды тәрбиелеуге, бейнелеу өнерін дамытуға және Қазақстанның барлық аймақтарында белсенді еңбек етіп келеді. Олардың көпшілігі тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал суретшілер болып табылады, атап айтқанда Ешкенов Г., Жұмабаев А., Бапишев Б., Жұбаниязов Ө., Қасымов Д., Смагулов С., Ажибек К., Жакупов А., Ермеков Т., Казарян Э., Қарымсақов Н., Досмағамбетов Д., Тлеужанов Т., Жамхан А., Молдабаев А., Белов П., Қастеев Д., Абжанова А., Ведерников М., Асемкул Б. және т.б.

 Кафедра түлектері Қазақстанның бейнелеу өнері саласында талмай еңбек етіп, өз үлестерін қосып және де үлкен жетістіктерге жетуде. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы метро станциялары интерьерін безендіру, Алматы  Орталық мешіті, Астана қаласындағы Ислам Мәдениет Орталығы,  Президенттің резиденциясы «Ақорда», Астана қаласының Орталық мешіті және де  Қазақстанның көптеген облыс орталықтарындағы мешіттерді безендіруге авторлық жобаларымен қатысып, орындап шықты.  Түлектеріміз өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен Қазақстанның және әлемнің өнер мұражайларымен жеке қорларын толықтырып келеді.

Приемная комиссия