• 24.04.2024

«Заманауи Грузия: театр, кино және бейнелеу өнері» атты семинары

Авторkaznai

Мам 5, 2022

04.05.2022 жылы, Өнертану факультетінің студенттері «Заманауи Грузия: театр, кино және бейнелеу өнері» атты семинар өткізді. Бұл шараны Грузия астанасы Тбилиси қаласының Шота Руставели атындағы Театр және кино университетінде оқу тәжірибесінен өтіп келген  3 курс студенттері Назарова Рано, Тулькенова Диляра, Туренов Алихан өткізді. Семинар барысында студенттер осы іс-сапардан алған өз әсерлерімен бөлісті.

Екі аптаға созылған оқу тәжірибесінде студенттер Ұлттық музейді аралап, әр дәуірдің экспонаттарын, галереялардан танымал картиналарды көріп, Қолжазбалар Орталығындағы құжаттармен, құнды қағаздармен танысқан. Грузин елінің ұлттық киноларын тамашалап, А.Грибоедов атындағы орыс драма театрында әр түрлі жанрда спектакльдер көріп қайтыпты. Шота Руставели атындағы театр және кино университетінің ғимаратын аралап, сол білім ордасының көрнекті оқытушыларынан дәріс алған. Практика кезінде грузиндердің ұлттық мәдениетімен танысып қана қоймай, өз еліміздің театр, кино және бейнелеу өнері жайында баяндама жасап, оқытушыларға мәліметтер қалдырған. Оқу-тәжірибесі нәтижесінде қатысушылар арнайы сертификат алып қайтты.

Семинар барысында студенттер көрген, білген, үйренгендерімен бөлісіп, қызу талқылау өткізді. Бұл оқу тәжірибесінің, халықаралық байланыстың білім алушыларға берері өте мол болды. Сондықтан факультет студенттеріне шетелдік академиялық ұтқырлыққа шығып, Тбилиси қаласында оқу тәжірибесінен өтіп қайтуға мүмкіндік сыйлаған  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшылығына алғысымызды білдіреміз!

Приемная комиссия