• 19.03.2024

«Музыкалық театр» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Музыкалық театр» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

Музыкалық театр кафедрасы

      Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 1979 жылдан бастап музыкалық театр актерлерін дайындап келеді. «Музыкалық комедия» кафедрасының  негізін қалаған және оның алғашқы кафедра меңгерушісі болған ҚСРО Халық артисі, профессор, режиссер Абай атындағы опера және балет театрының жетекші әншісі К.К.Кенжетаев болатын. Опера өнерінің тарланы, атақты сахна шебері Кәукен Кенжетаевпен бірге, кафедраның іргетасын қалауға белсене атсалысып, алғашқы ұстаздық қызмет атқарғандар: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор Рахилям Әбдірахманқызы Машурова, профессор Есім Жүкенұлы Сегізбаев, Ғизатова Гүлнара Бисенғалиқызы, Нина Тарасқызы Радченко, Дорохова Полина Михайловна, профессор Мақсұт Оразұлы Жүнісовтер.

      Кафедраның алғашқы бітірушілерінің қатарында бүгінгі таңда белгілі, халық қалаулыларына айналған өнер қайраткерлері – ҚР Халық артисі Р.Рымбаева,  ҚР еңбек сіңірген артисі М.Ильясова,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлер: Қ.Бекіш, Ә.Мәмбетова, К.Бегайдарова, Г.Тілеубекова,  М.Омарбекова т.б.

      Казіргі кезде кафедра  – Музыкалық театр деп аталады. Кафедра Актерлік өнер Білім беру бағдарламасы, музыкалық театр артисі бейіні  бойынша кәсіби маман дайындау жұмысын жүзеге асырады.

      Бүгінгі таңда кафедра құрамында  ҚР Халық артисі, профессор, режиссер Е.Н.Обаев; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессоррежиссер  Н.ЖақыпбайҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер  Я.А.Шамиев; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доктор PhD,  профессор А.М.Маемиров; ҚР еңбек сіңірген қайраткері З.Ш.СіргебаеваAstana Musical  мемлекеттіктеатрының көркемдік жетекшісі,доктор PhD, режиссер Е.Нуртазин; доктор PhD, режиссер А.Сахаман; доктор PhD, режиссер Е.Н.НурсолтанҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріҚазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Е.Дайыров;  белгілі театр және кино артистері: А.Мажит, М.Рахмет;  профессор, философия ғылымдарының кандидаты Э.С.Султангалиева, доцент, п.ғ.к. Д.О.Карамолдаева т.б. жұмыс істейді.

      Кафедра жұмысы сапалық көрсеткіштерінің негізгі критерийлерінің бірі – бітірушілердің өз мамандығы саласында қол жеткен жетістіктері.

      Музыкалық театр кафедрасы Қазақстан Республикасы ғылым, өнер және мәдениет саласын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан өзінің бітіруші түлектерін мақтан тұтады. Атап айтар болсақ, олар  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Ә.Өтеуілов; доктор PhD,    Құрмет орденінің иегері  Қ.Болманов;  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері А.Иманбаева; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Айтжанов; Astana Musical  театрының көркемдік жетекшісі режиссер, доктор PhD Е.Нуртазин; режиссер, доктор PhD А.Сахаман; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріҚазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Е.Дайыров; Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері А.М.Шаяхметов; «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, әнші Б.Корган; «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары: А.Өтепберген, А.Төлепов т.б.

Приемная комиссия