• 27.09.2022

«Музыкалық театр» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Музыкалық театр» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

       Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 1979 жылдан бастап музыкалық театр актерлерін дайындап келеді. «Музыкалық комедия» кафедрасының  негізін қалаған және оның алғашқы кафедра меңгерушісі болған ҚСРО халық артисі, профессор, Абай атындағы опера және балет театрының жетекші әншісі К.К.Кенжетаев.

       Музыкалық комедия кафедраның ұстаздары қызметін  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор Рахилям Әбдірахманқызы Машурова, профессор Есім Жүкенұлы Сегізбаев, Ғизатова Гүлнара Бисенғалиқызы, Нина Тарасқызы Радченко, Дорохова Полина Михайловна, профессор Мақсұт Оразұлы Жүнісовтер атқарды.

       Кафедраның алғашқы бітірушілерінің қатарында бүгінгі таңда белгілі өнер қайраткерлері – ҚР Халық артисі Р.Рымбаева,  ҚР еңбек сіңірген артисі М.Ильясова,  ҚР Еңбек сіңірген қайтаркерлері: Қ.Бекіш, Ә.Мәмбетова, К.Бегайдарова, Г.Тілеубекова,  М.Омарбекова т.б. білім алған.

      Казіргі кезде кафедра  – Музыкалық театр деп аталады. Кафедра Актерлік өнер Білім беру бағдарламасы, музыкалық театр артисі бейіні (профиль) бойынша кәсіби маман дайындау жұмысын жүзеге асырады.

      Кафедра құрамында  ҚР Халық артисі, профессор, режиссер Е.Н. Обаев;  профессор, режиссерҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жақыпбай;  режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Я.А.Шамиев; профессор,  доктор PhD, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  А.М.Маемиров; ҚР еңбек сіңірген қайраткері З.Ш.Сіргебаева;  режиссер, доктор PhD, Е.Н.Нурсолтан;  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Б.Б.Айтжанов,   режиссер, Мәдениет саласының үздігі Е.В.Ким, профессор, философия ғылымдарының кандидаты Э.С.Султангалиева, доцент З.З.Арзиев, доцент, п.ғ.к. Д.О.Карамолдаева т.б. жұмыс істейді.

      Кафедра жұмысы сапалық көрсеткіштерінің негізгі критерийлерінің бірі – бітірушілердің өз мамандығы саласында қол жеткен жетістіктері.

      Кафедра Қазақстан Республикасы ғылым, өнер және мәдениет саласын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан өзінің бітіруші түлектерін мақтан тұтады. Атап айтар болсақ, олар  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н. Ә.Өтеуілов, доктор PhD,    Құрмет орденінің иегері  Қ.Болманов,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері А.Иманбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері Е.Дайыров, Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері А.М.Шаяхметов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары А.Өтепберген, А.Төлепов, т.б.

Приемная комиссия