Өнертану докторы, профессор Ә.И. Мұхамбетованың 80-жылдығына орай
«Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өткен Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің 2-концерті
13 қазанда Оқу театрында сағат 18.30-да Орталық Азия халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің 2-ші концерті өтті.
Фестивальдің 2-ші концертінің бағдарламасына Орталық Азияның батыс және оңтүстік аймақтары (көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы халықтар) – Қазақстан (батыс аймақтар), Түркіменстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Солтүстік Үндістанның дәстүрлі музыкасы кірді.
| Осман Гуджимов, Түркіменстанның еңбек сіңірген әртісі, М. Кулиева атындағы Түркіменстан ұлттық консерваториясының Түркімен музыкасы кафедрасының аға оқытушысы (түрікмен дутары) |
| Саламат Аяпов, жырау, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің өнер кафедрасының меңгерушісі (қарақалпақ эпосының қобыз дәстүрі) |
| Аброр Зуфаров, доцент кафедры Истории и теории узбекского макома Института узбекского национального музыкального искусства им. Ю. Раджаби (узбекская инструментальная традиция – танбур и сато) |
| Тәжікстанның Мақом академиясының ансамблі құрамында: Абдували Абдурашидов (ансамбль жетекшісі, сато), Тәжікстанның халық әртісі, Тәжікстан Мақом академиясының жетекшісі; Озода Ашурова (ансамбльдің сүйемелдеуімен дойрамен дәстүрлі ән айту), Тәжікстанның халық әртісі; Зоир Хайдаров, Ю.Раджаби атындағы Тәжік ұлттық консерваториясының дәстүрлі ән айту кафедрасының меңгерушісі(танбур мен дойраның сүйемелдеуімен дәстүрлі ән айту); Дилрабо Абдурашидова, Т.Сатторова атындағы Өзбек ұлттық музыка өнері институтының 2 курс магистранты(дутар); Искандар Абдурашидов, Ю.Раджаби атындағы Өзбек ұлттық музыка өнері институтының 2 курс студенті(танбур). |
| Раджеш Шах (ситар), Уддхава Правен (табла),Банарас қаласындағы Үндістанның Варанаси университетінің орындаушылық өнер факультетінің аспаптық музыка профессорлары, Үндістан (Үнді рага) – онлайн |
| Қазақстандық өнерпаздар: Ержан Байсейітов (қобыз аспаптық дәстүрі) Ерболат Мұстафаев (Сырдария домбыра дәстүрі) Асылбек Кенегесов (Арал-Ақтөбе аспаптық дәстүрі) Армат Исламғалиев (Батыс Қазақстан ән дәстүрі) Батыржан Мықтыбаев (Батыс Қазақстан домбыра дәстүрі) Күнқожа Қайруллаев (Батыс қазақэпикалық дәстүр) (Маңғыстау ән дәстүрі) |


























