• 14.10.2024

«Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар»

Авторkaznai

Сәу 10, 2024

Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамы (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған
«Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар»
тақырыбындағы дөңгелек үстелі

8 сәуірде ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ-2024 аясында Ғылыми-редакциялық бөлімнің (ҒРБ), Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК) мен Студенттердің ғылыми қоғамымен (СҒҚ) бірлесе ұйымдастырған «Қазіргі заманғы ғылыми орта және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті.
Шараның мақсаты – жоғары оқу орнынан кейінгі және бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту.

      Офлайн және онлайн нысандарында өткен дөңгелек үстел барысында келесі баяндамалар жасалды:

  • 1) Назарбаев Университетінің зерттеушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бибарыс Айбатырұлы Сейтақ «Қазақ тілінде ғылыми контент жасаудағы мәселелер» тақырыбына;
  • 2) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Медиажурналистика» БББ 4-курс студенті Шаттык Сериккалиқызы Сәдуақас «Мәдени индустриядағы жасанды интеллект: трендтер мен этикалық аспектілер» тақырыбына;
  • 3) «Aaartist» компаниясының атқарушы директоры, мәдени менеджмент және өнер магистрі (Liestal/Швейцария), Экономика және бизнес университетінің PhD докторанты (Варшава, Польша) Alessya Jurt “Развитие предпринимательских компетенций людей Центральной Азии в условиях современного арт-бизнеса: Казахстан, Кыргызстан, Узбекистан” тақырыбына;
  • 4) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дыбыс техникасы және кинематография» кафедрасының оқытушысы Пшенаева Эльмира Болатханқызы мен «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 2-курс докторанты Кукетов Берік Алпысбайұлы «Одағай сөздердің өнерде алатын орны» тақырыбына;
  • 5) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының 2-курс студенті Құралай Бекмаханова «Актер өнеріндегі адам психологиясы» тақырыбына.  

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Инновациялық білім беру факультетінің, «Логопедия» БББ-ның 1-курс студенті Жайдары Шақиқызы «Инклюзивті өнер және дефектологиялық әл-ауқат: шығармашылықтың жеке дамуға әсері» тақырыбына баяндамасын интернет желісі ақаулықтарына байланысты жасай алмады. Алайда барлық баяндамалардың презентацияларын осы материалға қосымша ретінде төменде беріліп отыр.

Дөңгелек үстел жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер және қоғам қайраткерлері қатысты.

  1. Бибарыс Сейтақ-Қазақ тілінде ғылыми контент жасаудағы мәселелер
  2. Шаттық Сәдуақас-artificial intelligence & machine learning
  3. Алеся Юрт_Развитие предпринимательских компетенций
  4. Жайдары Шакиқызы-Инклюзивті өнер дефектологиялық әл-ауқат шығармашылықтың жеке дамуға әсері_compressed
  5. 5-1.Берик Кукетов-Одағай сөздердің өнерде алатын орны
  6. 5-2.Эльмира Пшенаева-Одағай сөздердің өнерде алатын орны
  7. Бекмаханова Куралай-Адам психологиясы театр өнерінде_compressed_compressed

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия