• 28.03.2024

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Авторkaznai

Қар 26, 2021

«Өнертану» факультеті ағымдағы жылдың 26 қарашасында «Кинотеледраматургия», «Театртану», «Өнертану» , «Кинотану» мамандандырулары бойынша онлайн-офлайн форматтарында Республикалық Пәндік Олимпиадасының I турын өткізді. 

Факультетте білім алушы 2-3 курс студенттері олимпиаданың жоғары деңгейде өтуіне белсенді атсалысып, бүгінгі қазақ театр, кино, бейнелеу өнеріндегі жаңа бағыттарды, актерлік өнердегі шығармашылық ізденістерді, режиссерлік шешімдердегі заманауи тәсілдерді, драматургиядағы жаңа қадамдарды, кинодағы жетістіктер мен кемшіліктерді таразылап, біліктіліктерін байқатты.

Жалпы қатысқандар саны – 54 студент, 54 жұмыс жазылды. Комиссия мүшелері жазылған жұмыстармен толық танысып, өзара талқыға салды. 

Нәтижесінде әр мамандықтан 3 орын бөлініп, ең лайықтылары келесі кезеңге жолдама алды. Жыл сайын өткізілетін Пәндік олимпиада білім алушылардың деңгейі мен кәсіби біліктілігінің көрсеткішін шығаруда үлкен мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.

Приемная комиссия