• 04.06.2023

Кафедра “Режиссура экранных искусств”

  • ҚазҰӨА
  • Кафедра “Режиссура экранных искусств”

Образовательные программы

Проффессорско-преподавательский состав

Бакеева Мадина Кайратжановна

Кафедра меңгерушісі

Лаврик Нина Алексеевна

Кафедра меңгерушісінің орынбасары

«Экран өнері режиссурасы» кафедрасы мәдениет пен өнер мамандарын дайындауда профессорлық оқытушылар құрамының ғылыми–шығармашылық дәрежесін жоғары көтеріп, шығармашылығын өркендетіп, өнер қайраткерлерінің  бай тәжірбиесі мен білім алушылардың батыл ойларын үйлестіруді өзіне мақсат етеді

     «Экран өнері режиссурасы» кафедрасы «Кино» факультеті тарихынан бастау алады. Ең алдымен «Кино тарихы» кафедрасы болып 1993-ші жылы құрылған. Сол тұста «Кино режиссурасы», «Кино операторы», «Кинотану» және «Анимация» мамандықтарына талапкерлер қабылдаған. Осы факультет бастауында В.С.Пусырманов, К.С.Смайылов, Ә.Ә. Қастеев, Ә.Ғ.Дауылбаев, Б.Р:Нөгербек, Б.Ш.Шарип сынды педагогтар жұмыс жасады.  2000 – шы жылы «Кино режиссурасы» және «Телевидение» кафедралары болып бөлінгендіктен де факультет «Кино және ТВ» факультеті болып қайта құрылды.

      «Кино режиссурасы» кафедрасының әр жылдарда меңгерушілігі қызметін Б.Шарип, Р.Г.Оспанова, Д.К.Манабай, А.Т.Айтуаров, Г.Б.Абильдина, Е.Е.Акчалов және С.Ж.Азимов сынды педагогтар атқарды.

     Кафедра бастауы 2000-шы жылдан алады. «Кино режиссурасы», «Теелевизия режиссурасы», «Авторлық телерадио режиссурасы» кафедралары бірігіп «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы 2017 жылы құрылды. «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының меңгерушісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ЖАК өнер саласы қауымдастырылған профессоры Г.Б.Абильдина

     «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы – жоғары оқу орындарындағы барлық мамандықтар студенттері үшін міндетті саналатын «Режиссура өнері» мен  «Режиссер шеберлігі» пәндері бойынша оқу-әдістемелік, бұқаралық және тәрбие жұмысын жүзеге асыратын оқу орнының құрылымдық бөлімшесі. Жұмыс орны оқытушылардың саны ішінде ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі 42,7%  құрайды. Кафедраның ПОҚ бойынша 1 өнертану кандидаты, 4 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2 мемлекеттік сыйлық иегері, 4 PhD докторы, 8 өнер магистрі бар. Жыл сайын  кафедра штаты профессорлық – оқытушылық  құрамы жылдық оқу жүктемесіне сай жұмыс жасақталады.

      Сонымен бірге кафедры штатына қосымша жұмыс күштері де тартылады, олардың арасында оқу шеберлері, шығармашылық және ғылыми лабораториялар қызметкерлері кіреді.

  1. Кафедра төмендегі мамандықтар бойынша мамандар дайындайды:

Бакалавриат: бойынша:   Б023-Режиссура

      БББ 6B02184 «Кино режиссурасы», «ТВ режиссурасы», «Анимация режиссурасы»

Магистратура  бойынша:

БО 7М028 Режиссура   7М02154 «Кино және ТВ режиссурасы»

Докторантура бойынша:   ГОП D028

ОП 8002184  

Кафедра  төмендегідей дәрістік және тәжірибелік, жеке шағын топтық  пәнді біріктіреді.

  • 1. Режиссура теориясы  / Теория режиссуры
  • 2. Актерлік шеберлік /Актерское мастерство
  • 3. Кинорежиссура негіздері /Основы кинорежиссуры
  • 4. Телевизиялық режиссура негіздері /Основы телевизионной режиссуры
  • 5.  Анимация режиссурасы/ Режиссура анимации
  • 6. Анимация фильмінің көркемдік шешімі/Изобразительное решение анимационого фильма
  • 7. Анимация техникасы /Техника анимации
  • 8. Кино режиссурасы /Режиссуры кино
  • 9. Монтаж теориясы/ Теория монтажа
  • 10.Деректі кино режиссурасы /Режиссура документального фильма
  • 11. Киномонтаж теориясы / Теория киномонтажа
  • 12.  Оқу практикасы / Учебная практика
  • 13. Телевизия режиссурасыІ/ Режиссура телевидении І
  • 14. Монтаж негіздері / Основы монтажа
  • 15. Анимация режиссурасы /Режиссуры анимации
  • 16. Арнайы сурет/ Специальный рисунок
  • 17. 2D анимациясы ІІ/2D анимация
  • 18. Интерфейсті және бағдарлама мүмкіндігін зерттеу\Изучение интерфейса и возможностей программы
  • 19. Анимация режиссурасы ІІ\Режиссуры анимацииІІ
  • 20. Кино режиссурасы ІІ \ Режиссуры кино ІІ
  • 21. Фильмнің көркемдік шешімі \Изобразительное решение фильма
  • 22. Кино және ТВ-дағы киім стилистикасы /Стилистика костюма в кино и ТВ
  • 23. Телевизиялық өнім режиссурасы/ Режиссура ТВ продукции
  • 24. Режиссура шеберлігіІІ/Мастерство режиссуры ІІ
  • 25. Режиссура өнері / Искусство режиссуры
  • 26. Режиссердің орындаушылармен және қоюшы шығармашылық топпен жұмысы/ Работа режиссера с исполнителями и творческой постановочной группой
  • 27. Фильм өндірісі және продюсерлеу  /Фильмопроизводство и продюсирование 
  • 28. Кино режиссурасыІІ /Режиссуры кино ІІ
  • 29. Өндірістік практика  / Производственная практика
  • 30. Көркем аударма және дубляж негіздеріІ/Основы дубляжа и художественного перевода І
  • 31. Көркем аударма және дубляж негіздеріІІ/Основы дубляжа и художественного перевода ІІ
  • 32. Редакторлық жұмыс негіздері І\Основы редакторской работы І                                                                                                                                                     
  • 33. Редакторлық жұмыс негіздері ІІ\Основы редакторской работы      
  •  34. БАҚ тілі мен стиліІ/ Язык и стиль СМИ
  • 35. Монтаж практикасы/ Практика монтажа
  • 36. ТВ-дағы жарнама мен PR/Реклама на ТВ и PR
  • 37. Анимация техникасы ІІ\ Техника анимации ІІ
  • 38. Анимация техникасы ІІІ / Техника анимации ІІІ
  • 39. Сценарлық шеберлік ІІ/ Сценарное мастерство ІІ
  • 40. Сценарлық шеберлік ІІІ/ Сценарное мастерство ІІІ
  • 41. Монтаж І/ Монтаж І
  • 42. Аниматор шеберлігі \ Мастерство аниматора
  • 43. Режиссердың актермен жұмысы/ Работа режиссера с актером
  • 44. Режиссердың қоюшы суретшімен жұмысы\Работа режиссера с художником – постановщиком
  • 45. Кинотілінің эволюциясы\ Эволюция киноязыка
  • 46. Әлем көркем мәдениетінің стилдері\ Стили мировой художественной културы
  • 47. Ғылыми зерттеулер негіздері\ Основы научного исследования
  • 48. Кино және ТВ маркетинг негіздері\ Основы маркетинга кино и ТВ
  • 49. Кәсіпкерлік қызмет негіздері\ Основы предпринимательской деятельности
  • 50. ТВ-дағы фильм өндірісі\ Фильмопроизводство на ТВ
  • 51. ТВ-дағы Ньюсмейкинг және пиар\ Ньюсмейкинг и пиар на ТВ
  • 52. Дыбыстымәтін докторингі \ Докторинг аудиотекста
  • 53. Киноөндірісті басқару және ұйымдастыру\ Организация и управления кинопроизводства
  • 54.Желілі емес монтаж\ Нелинейный монтаж
  • 55. Курстық фильмде жұмыс істеу\ Работа над курсовым фильмом
  • 56. Практикалық режиссура \ Практическая режиссура
  • 57.Арнайы курс (ТВ режиссурасы бойынша)\ Спецкурс по профилю
  • 58. Постпродакшндегі режиссердың жұмысы\ Работа режиссера  в постпродакшне
  • 59. Диплом алдындағы практика\ Преддипломная практика
  • 60. Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау\ Написание и защита дипломной работы (проекта)
  • 61. Бейсызық монтаж\Линейный монтаж
  • 62. Актердың камера алдындағы жұмысы\ Работа актера перед камерой
  • 63. Монтаж теориясы\ Теория монтажа
  • 64. Дыбыстыкөріністік саладағы заманауи технологиялар мен монтаж үрдістері\Новейшие технологии и принципы монтажа в аудиовизуалной сфере
  • 65. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы/ Научно-исследовательская работа магистранта
  • 66.Педагогикалық практика\ Педагогическая практика
  • 67. Заманауи режиссурадағы жаңа технологиялар мен иновациялар\ Новые технологии и иновации в современной режиссуре кино
  • 68. Зерттеу практикасы /Исследовательская практика
  • 69. Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау / Оформление и защита магистерской диссертации
  • 70. Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы/ Научно-исследовательская работа докторанта
  • 71. Докторантурадағы педагогикалық практика\ Педагогическая практика в докторантуре
  • 72. Докторанттың зерттеу практикасы /Исследовательская практика докторанта
  • 73. Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы және докторлық диссертацияны орындау/ Научно-исследовательская работа докторанта и выполнение докторской диссертации

Кафедрадағы  жоғарыда аталған пәндерден «Кино және ТВ» факультетінің студенттері дәріс алады.

Кафедраның оқуәдістемелік, шығармашылық базасы

    Кафедра дәрістері мен практикалық сабақтары №№ 14, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 102 аудиториялары және Кинозал мен Телевизиялық лабораторияда сабақ өтіледі. Ол аудиториялар пәндерінің талаптарына сай аудио-видео аппаратураларымен қатар фильм және телебағдарламалар көшірілген таспалары мен сахналық реквизиттермен жабдықталған. «Экран өнері режиссурасы» кафедрасының арнайы пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтар көбісі онлайн және кейбір жекелеген сабақтар  /ата-аналармен басшылықпен келісіліп/ офлайн өтіледі.

-«Режиссура», «Кино режиссурасы», «Кино режиссерлігі І», Режиссер шеберлігі ІІ», «Режисссерлік өнер»  пәндері бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессоры Манабай Д.К. дәрістік және тәжірибелік сабақтарды өткізеді.

– «Сценарлық шеберлік», «Затты және қуыршақты анимация», «Анимация режиссурасы», «Анимация фильмінің көркемдік шешімі», «Режиссердың орындаушы мен режиссерлік-қойылымдық топпен жұмысы», «Оқу практикалары» пәндері бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Омар Б.Т. дәрістік және тәжірибелік сабақтарды өткізеді.

-«Телевизиялық өнім режиссурасы», «Көркем аударма және дубляж негіздері», «Редакторлық жұмыс негіздері», «БАҚ тілі мен стилі», «Дыбыстымәтін докторингі», «Тележурналистика» пәндері бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Абильдина Г.Б. дәрістік және практикалық сабақ береді.

– «Практикалық режиссура», «Постпродакшндағы режиссердың жұмысы», «Режиссура» пәндерінен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, доцент Калымбетов Б.Н. дәрістік және практикалық сабақ береді.

-«Фильмнің көркемдік шешімі», «Режиссура өнері», «Кино режиссурасы», «Режиссура өнері», «Режиссура өнері» пәндері бойынша«Құрмет» орденінің иегері,доцент Өмірбаев Д. дәрістік және практикалық сабақ береді..

-«Режиссердың актермен жұмыс істеуі», «Актерлік шеберлік», «Актердың камера алдындағы жұмысы» пәндері бойынша профессор Айтқожанова Р.Д. сабақ береді.

-«Докторанттың ғылыми – зерттеу жұмысы мен докторлық диссертацияны орындау», «Педагогикалық практика» (докторантура бойынша) пәндерінен  өнертану ғылымының кандидаты, доцент Абикеева Г.О. дәріс береді.

-«Практикалық режиссура», «Монтаж», «Постпродакшндағы режиссердың жұмысы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Режиссура өнері», «Дипломалды практика»– пәндерден доцент Айтуаров А.Т. дәрістік және практикалық сабақ өткізеді.

-«Практикалық режиссура», «Режиссура өнері», «Постпродакшндағы режиссердың жұмысы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау» сынды пәндерден доцент Калымбетов Б. дәрістік және практикалық сабақ өткізеді.

   -«Киномонтаж теориясы», «Деректі кино режиссурасы», «Режиссура өнері», «Режиссердың орындаушы мен режиссерлік қойылымдық топпен жұмысы» пәндерінен доцент Байғожина А.М. теориялық әрі практикалық сабақ береді.

-«Режиссура шеберлігі», «Телевизиялық өнім режиссурасы», «Дыбыстымәтін докторингі» пәндерінен доцент Акчалов Е.Е. теориялық және практикалық сабақ жүргізеді.

-«Фильм өндірісі және продюсерлеу», «Кәсіпкерлік қызмет негіздері», «ТВ-дағы фильм өндірісі», «Киноөндірісті басқару және ұйымдастыру», «ТВ мен кино маркетинг негіздері», «Фильм өндірісі» пәндерінен доцент Лаврик Н.А. сабақ береді.

-«Кино режиссурасы», «Режиссер шеберлігі», «Ғылыми зерттеулер негіздері», «Арнайы курс (ТВ режиссурасы бойынша), «Аудиовизуальдық саладағы заманауи технологиялар мен монтаждың принциптері»,  «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Педагогикалық практика» «Магистрлік жұмысты рәсімдеу және қорғау»,  пәндерінен бакалавриат пен магистратураға PhD докторы, аға оқытушы Туякбаева А.Ш. дәріс береді.

-«Монтаж теориясы», «Режиссердың орындаушылармен және режиссерлік қоюшы топпен жұмысы», «Режиссердың қоюшы суретшімен жұмысы», Режиссердің түсіретін топпен жұмысы», «Магистранттың ғылыми – зерттеу жұмысы», «Педагогикалық практика» пәндерінен бакалавриат пен магистратураға PhD докторы, оқытушы Уразбаева Ш.Н. дәріс береді.

-«Анимация режиссурасы», «Режиссура өнері», «Анимация фильмнің көркемдік шешімі», «Курстық фильмде жұмыс істеу», «Анимация шеберлігі» пәндерінен теориялық және практикалық сабақты оқытушы, өнер магистрі Аймурзин Р.М. береді.

-«Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Педагогикалық практика», «Режиссердың түсіретін топпен жұмысы», «Өндірістік практика» пәндерінен бакалавриат пен магистратураға PhD докторы, аға оқытушы Бакеева М.Қ. дәріс береді.

-«Режиссура өнері», «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Педагогикалық практика», «Режиссердың орындаушылармен және режиссерлік қоюшы топпен жұмысы»,  «Зерттеу практикалары», «Магистрлік жұмысты рәсімдеу және қорғау», «Өндірістік практика» пәндерінен бакалавриат пен магистратураға PhD докторы, аға оқытушы Попов В.И. береді.

-«Режиссура теориясы», «Практикалық режиссура», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Дипломалды практика» «Режиссердың орындаушылармен және режиссерлік қоюшы топпен жұмысы» пәндерінен аға оқытушы Бекхожин М.К береді.

– «Монтаж негіздері», «Телевизиялық өнім режиссурасы», «Режиссердің орындаушылармен және қоюшы режиссерлік топпен жұмысы», «Режиссура өнері», «Арнайы семинар», Монтаж практикасы», «Өндірістік практика» пәндері бойынша оқытушы Дуйсебаев А.Т. дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізеді.

-«Киномонтаж теориясы», «Режиссердың орындаушы мен режиссерлық қойылымдық топпен жұмысы», «»Оқу практикасы», «Монтаж» пәндері бойынша оқытушы, өнер магистрі Курмашева Ж. дәрістік және тәжірибелік сабақтар өткізеді.

-«Желілі емес монтаж», «2D анимация», «Техника анимации ІІ», «Арнайы сурет» пәндерінен теориялық және практикалық сабақты оқытушы, өнер магистрі Аймурзин Р.М. береді.

-«2D анимация», «Техника анимации ІІ», «Арнайы сурет» пәндерінен теориялық және практикалық сабақты оқытушы, К.Конуркульджинов береді

-«Практикалық режиссура»,  «Арнайы курс (ТВ режиссурасы бойынша)», «Монтаж» пәндерінен теориялық және практикалық сабақты оқытушы, өнер магистрі Әлжанов Р. береді.

-«Монтаж негіздері», «Монтаж» пәндерінен теориялық және практикалық сабақты оқытушы, өнер магистрі Сардарбекова К. береді.

-«Кино және ТВ киім стилистикасы», «Әлемдік көркем мәдениетінің стильдері» пәндерінен аға оқытушы Ахметова С.К. теориялық және практикалық сабақты жүргізеді.

-«Монтаж», «Оқу практикасы», «Мастерство режиссуры» пәндерінен оқытушы, өнер магистрі Исаев О.М. дәрістік және практикалық сабақ береді.

– «Монтаж» және «Монтаж тәжірибесі» пәндерінен оқытушы, өнер магистрі Сарбарбекова К.Б. дәріс береді.

Барлық педагогтардың мамандығы саласына қатысты білімдері бар.

    «Кино және ТВ», факультеттерінің  студенттерінің болашақ кино және телевизия саласындағы маман (сценарист, режиссер, продюсер, редактор)  болмысын, тұлғасын тәрбиелеу мектебіне бірден-бір негізгі себептері болып табылады. Студенттердің рухани  және білімге құштарлық мүмкіншіліктерінің біртұтас дамуына көмектесе отырып, шығармашылық, зерттеу және ғылыми–әдістемелік жұмыстары мен белсене айналысуына педагогтар қатары үлкен ықпал жасауда.

      Білім алушылардың  рухани  және дене мүмкіншіліктерінің біртұтас дамуына көмектесе отырып, шығармашылық, ғылыми- зерттеу және, оқу–әдістемелік жұмыстармен белсене айналысуына ұстаздар қатары үлкен ықпал жасауда алыс -жақын шетел  шығармашылық білім ордаларымен тығыз байланыста. Оның айғағы халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияларда, дөңгелек үстелдерде,  профессорлық – оқытушылар құрамының білімін жетілдіруде бағдарламалар орындалуда. Кафедраның  профессорлық – оқытушылар құрамы білім алушыларға білімді ұрпақ пен сапалы маман қалыптастыруда әлеуметтік өмір  салты, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, күш-жігер, білімге құштарлықпен қабілеттерімен қамтамасыз етеді.

Приемная комиссия