• 02.03.2024

“Экрандық өнер режиссурасы” кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • “Экрандық өнер режиссурасы” кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Профессорлық-оқытушылық құрам

Ахметжанова Айнур Муратовна

Кафедра меңгерушісі

толығырақ

Ахметова Сауле Касымовна

Кафедра меңгерушісінің орынбасары

толығырақ


«Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы мәдениет және өнер мамандарын даярлау барысында профессор–оқытушылар құрамының ғылыми-шығармашылық деңгейін көтеруді, шығармашылықты дамытуды, өнер қайраткерлерінің бай тәжірибесі мен білім алушылардың батыл ой-идеяларын ұштастыруды мақсат етеді.

«Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының қызметі 1993 жылы «Кино тарихы» кафедрасынан бастау алады. Алғашқы жылы кафедра бойынша «Кино режиссурасы», «Кинооператор» және «Анимация» мамандықтарына талапкерлер қабылданды. Факультет бастауында В.С. Пусырманов, К. С. Исмаилов, А. А. Костяев, А. Г. Дауылбаев, Б. Р. Нөгербек, Б. Ш. Шәріпов сияқты педагогтар жұмыс істеді.

2000 жылы факультет – «Кино режиссурасы» және «Телевизия режиссурасы» кафедраларының екіге бөлінуіне байланысты «Кино және ТВ» факультеті болып қайта құрылды.

Әр жылдары «Кино режиссурасы» кафедрасын Б.Шәріп, Р. Ғ. Оспанова, Д. К. Манабай, А. Т. Айтуаров, Е. Е. Ақчалов, С.Ж. Әзімов, Ғ. Б. Әбілдина, М. К. Бакеева, А. А. Машурова басқарды.

2000 жылы «Кино және ТВ» және «Өнертану» факультеттері мен «Кино режиссурасы», «Телевизия режиссурасы», «Авторлық телерадио хабарларын тарату режиссурасы» кафедралары біріктірілді.

«Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы 2016 жылы құрылды және үш негізгі бағыттарды біріктірді. Олар: «Көркем фильм режиссурасы», «Анимация режиссурасы», «Телевизия режиссурасы».

Бүгінгі күні «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы меңгерушісінің міндетін өнер магистрі, аға оқытушы А. М. Ахметжанова атқарып жүр.

«Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасы – оқу орнының кафедрадағы барлық бағыттар бойынша студенттер үшін міндетті болып саналатын «Режиссура өнері» және «Режиссура шеберлігі» пәндерінен оқу-әдістемелік, бұқаралық және тәрбие жұмысын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар педагогтар қатарынан, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі 42,7% құрайды. Кафедраның профессорлық-педагогикалық құрамында 4 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 1 Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1 «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері, 3 «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, 5 PhD докторы, 9 өнер магистрі қызмет атқарып жүр.

Жыл сайын кафедра штаты жылдық оқу жүктемесіне сәйкес профессор-оқытушылар құрамымен толықтырылуда.

Сонымен қатар, кафедра штатына оқыту шеберлері, шығармашылық және ғылыми зертханалардың қызметкерлері арасынан іріктелген мамандар тартылады.

1. Кафедра мына білім беру бағдарламалары бойынша режиссерлер дайындайды:

Бакалавриат бойынша: B023-Режиссура

БББ 6B02184-Режиссура/ «Кино режиссурасы», «ТВ режиссурасы», «Анимация режиссурасы».

Магистратура бойынша:

Ғылыми-педагогикалық- ОП 7M02184 Режиссура;

Бейіндік-7М02154 – «Кино және ТВ режиссурасы»

Докторантура бойынша: ГОП D028

ОП 8002184

Кафедра келесі дәрістік және практикалық, жеке шағын топтық пәндерді біріктіреді:

  • 1. Режиссура теориясы / Теория режиссуры
  • 2. Актерлік шеберлік /Актерское мастерство
  • 3. Кинорежиссура негіздері /Основы кинорежиссуры
  • 4. Телевизиялық режиссура негіздері /Основы телевизионной режиссуры
  • 5.  Анимация режиссурасы I, II, III, IV / Режиссура анимации I, II, III, IV
  • 6. Анимация фильмінің көркемдік шешімі / Изобразительное решение анимационного фильма
  • 7. Анимация техникасы: анимация жасау технологиясы / Техника анимации: технология создания анимации
  • 8. Кино режиссурасы I, II / Режиссура кино I, II
  • 9. Телевизия тарихы / История ТВ
  • 10. Фильмнің бейнелеу шешімі / Изобразительное решение фильма
  • 11. Режиссерлік өнер / Искусство режиссуры
  • 12. Телевизия режиссурасы І, II / Режиссура телевидения І, II
  • 13. Тележурналистика / Тележурналистика
  • 14. Телевизиялық фильмнің бейнелеу шешімі / Изобразительное решение телевизионного фильма
  • 15. Телевизиялық режиссура өнері / Искусство телевизионной режиссуры
  • 16. 2D анимациясы І, II, III, IV, V / 2D анимация I, II, III, IV, V
  • 17. Анимация техникасы І, II: анимация жасау технологиясы / Техника анимации І, II: технология создания анимации
  • 18. Кинорежиссер шеберлігі / Мастерство кинорежиссера
  • 19. Монтаж теориясы / Теория монтажа
  • 20. Монтаж практикасы / Практика монтажа
  • 21. Режиссердің орындаушылармен және режиссерлік-қойылымдық топпен жұмысы / Работа режиссера с исполнителями и режиссерско-постановочной группой
  • 22. Кинодағы костюм стилистикасы / Стилистика костюма в кино
  • 23. Актуалды антропологияның арнайы курсы / Специальный курс визуальной антропологии
  • 24. РТВ ғылыми зерттеу негіздері / Основы научного исследования РТВ
  • 25. Телевизия режиссерінің шеберлігі / Мастерство режиссера телевидения
  • 26. Монтаж негіздері / Основы монтажа
  • 27. Телевизиялық монтаждау практикасы / Практика телевизионного монтажа
  • 28. Режиссердың қойылым тобымен жұмысы / Работа режиссера с постановочной группой
  • 29. Кино және телевизиядағы костюм стилистикасы / Стилистика костюма в кино и на телевидении
  • 30. Монтаж / Монтаж
  • 31. Аниматор шеберлігі / Мастерство аниматора
  • 32. Телевизиялық өнім режиссурасы / Режиссура ТВ продукции
  • 33. Заманауи кинорежиссурадағы үдерістер / Тенденции в современной кинорежиссуре
  • 34. Режиссердың актермен және кәсіби емес актермен жұмысы / Работа режиссера с актером и не актером
  • 35. Деректі фильм режиссурасы / Режиссура документального кино
  • 36. Кинотілінің эволюциясы / Эволюция киноязыка
  • 37.  Ғылыми зерттеулер негіздері / Основы научного исследования
  • 38. Мұрағатпен жұмыс жасау / Работа с архивом
  • 39. Режиссура бойынша арнайы курс / Специальный курс по режиссуре
  • 40. Режиссердің түсірілім кезеңінен кейінгі жұмысы / Работа режиссера в постпродакшн
  • 41. Телевизиялық фильмдер және бағдарламалар режиссурасы / Режиссура телевизионных фильмов и программ
  • 42. Телевизиялық фильмнің режиссерлік практикасы / Практика режиссуры телевизионного фильма
  • 43. Телевизиялық фильм режиссурасы / Режиссура телевизионного фильма
  • 44. БАҚ тілі мен стилі І / Язык и стиль СМИ
  • 45. Мұрағат материалмен жұмыс / Работа с архивным материалом
  • 46. Демеушілермен жұмыс / Работа со спонсорами
  • 47. Анимация суретшісінің шеберлігі / Мастерство художника анимации
  • 48. Заттық және қуыршақ анимациясы / Предметная и кукольная анимация
  • 49. Желілік емес монтаж / Нелинейный монтаж
  • 50. Режиссердың қойылым тобымен жұмысы / Работа режиссера с постановочной группой
  • 51. Киноөндірісті басқару және ұйымдастыру / Организация и управление фильмопроизводством
  • 52. Режиссура / Режиссура
  • 53. Желілік монтаж / Линейный монтаж
  • 54. Фильм өндірісі / Фильмопроизводство
  • 55. Фильм өндірісі және дистрибьюция / Фильмпроизводство и дистрибьюция
  • 56. Кинопрокат және кинокөрсетілім жүйесіндегі басқару / Управление в системе кинопроката и кинопоказа
  •  57. Заманауи аудиовизуалды саладағы тұжырымдамалық негіздер мен шығармашылық үдерістер / Концептуальные основы и творческие тенденции в современной аудиовизуальной области
  • 58. Заманауи кино режиссурасындағы жаңа технологиялар мен инновациялар / Новые технологии и инновации в современной режиссуре кино
  • 59. Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және магистрлік жобаны орындау / Экспериментально-исследовательская работа магистранта, в том числе прохождение стажировки и выполнение магистерского проекта
  • 60. Аудиовизуалды өнердің теориясы мен әдіснамасы / Теория и методология аудиовизуального искусства
  • 61. Өнер және заманауи киноның әдістемелік қағидалары / Методические принципы искусства и современного кино
  • 62. Заманауи қазақ кинодраматургиясының тұжырымдамалары / Концепции современной казахской кинодраматургии
  • 63. НИРМ Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы / НИРМ Научно-исследовательская работа магистранта
  • 64. Қазіргі замандағы әлем киносының әдістемесі / Методика современного мирового кино
  • 65. Заманауи кинотеледраматургияның теориялық қырлары / Теоретический аспект современной кинотеледраматургии
  • 66. Қазіргі режиссурадағы көркемдік үрдістер мен стильдерді түсіндірудің тұжырымдамалық  тәсілдері / Концептуальные подходы к интерпретации художественных тенденций и стилей в современной режиссуре
  • 67. Аудиовизуалды саладағы теориялық тәсілдер мен практикалық режиссура / Теоретические подходы и практическая режиссура в аудиовизуальной сфере
  • 68. Зерттеу тәжірибесі / Исследовательская практика
  • 69. Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау / Оформление и защита магистерской диссертации
  • 70. Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы/ Научно-исследовательская работа докторанта
  • 71. Докторантурадағы педагогикалық тәжірибе / Педагогическая практика в докторантуре
  • 72. Докторанттың зерттеу тәжірибесі / Исследовательская практика докторанта
  • 73.  Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы және докторлық диссертацияны орындау / Научно-исследовательская работа докторанта и выполнение докторской диссертации

Кафедрада жоғарыда аталған пәндер бойынша «Кино және ТВ» факультетінің студенттері оқиды.

Кафедраның оқу-әдістемелік, шығармашылық базасы

Кафедраның дәрістері мен тәжірибелік сабақтары № 14, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 102 аудиториялық пәндердің талаптарына сай келетін аудио-бейне аппаратурамен, сондай-ақ фильмдер мен телебағдарламалар көшірілген бейнетаспалармен жабдықталған «Өнер» аудиториясында, кинозалда және телевизиялық зертханда өткізіледі. «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының арнайы пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік  сабақтар аудиторияларда  өткізіледі.

– «Кинорежиссурадағы заманауи үрдістер», «Кино режиссурасы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Манабай Д. К. жүргізеді.

– «Кинопрокат және дистрибьюция», «Кинопрокат және кинопрокат жүйесіндегі басқару» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор С. Ж. Әзімов жүргізеді.

– «ТВ тарихы», «Тележурналистика», «Телевизиялық режиссура өнері», «Ғылыми зерттеу негіздері», «ТВ өнімдерінің режиссурасы», «ТВ фильмдер мен бағдарламалар режиссурасы», «Мұрағат материалымен жұмыс» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әбілдина Г. Б. жүргізеді.

– «Режиссердің актермен жұмысы», «Актерлік шеберлік», «Актердің камерамен жұмысы» пәндері бойынша профессор Р. Д. Айтқожанова дәріс береді.

– «Режиссердің қойылым тобымен жұмысы», «Фильм өндірісін ұйымдастыру және басқару», «Режиссердің актер және кәсіби емес актермен жұмысы», «Фильмөндірісі және дистрибьюция» пәндері бойынша доцент Лаврик Н.А. дәріс береді.

– «Режиссура өнері», «Режиссердің актер және кәсіби емес актермен жұмысы», «Режиссура» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, доцент Б.Н. Қалымбетов жүргізеді.

– «Визуалды антропологияның арнайы курсы», «Деректі киноның теориясы мен практикасы», «ТВ фильмнің режиссурасы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды доцент А. М. Байгожина жүргізеді.

– «ТВ тарихы», «Телевизия режиссурасы», «Тележурналистика», «Телевизия режиссерінің шеберлігі», «ТВ өнімдерінің режиссурасы», «БАҚ тілі мен стилі» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды доцент Е. Е. Ақчалов жүргізеді.

– «Кино режиссурасы I», «Кино режиссурасы II», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау» пәндері бойынша доцент А.Т. Айтуаров дәрістік және тәжірибелік сабақтар өткізеді.

– «Мұрағат материалдарымен жұмыс», «НИРМ» (ҒЗЖМ), «Магистрлік дисертацияларды қорғау» пәндері бойынша бакалавриат пен магистратураға дәрісті PhD докторы, аға оқытушы М. К. Бакеева жүргізеді.

«Постпродакшндағы режиссердің жұмысы», «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Заманауи режиссураның технологиялары мен инновациялары», «ЭЙРМ», «Магистрлік жұмысты ресімдеу және қорғау», «Өндірістік тәжірибе» пәндері бойынша дәрісті аға оқытушы Попов В.И. жүргізеді.

– «Кинорежиссура негіздері», «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Педагогикалық тәжірибе» пәндері бойынша бакалавриат пен магистратураға PhD докторы, оқытушы Ш. Н. Оразбаева және PhD докторы, аға оқытушы А. А. Машурова, PhD докторы, С. Е. Әбішев дәріс оқиды.

– «Кинодағы костюм стилистикасы», «Фильмнің бейнелеу шешімі», «Телевизиялық фильмнің бейнелеу шешімі», «Кинодағы және теледидардағы костюм стилистикасы» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды аға оқытушы С.К. Ахметова жүргізеді.

– «Режиссура теориясы», «Телевизия режиссурасының негіздері», «Телевизия режиссурасы», «Телевизиялық режиссура өнері», «Телевизия режиссурасының шеберлігі» пәндері бойынша аға оқытушы Беккожин М. К. дәріс береді.

– «Теледидар режиссурасының негіздері», «Телевизиялық өнімнің режиссурасы», «Режиссердің орындаушылармен және режиссерлік қойылым тобымен жұмысы», «Режиссура өнері», «Монтаждау практикасы», «Өндірістік практика» пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды А. Т. Дүйсебаев өткізеді.

– «Режиссура өнері», «Кино режиссурасы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Фильм түсіру», «Режиссердің орындаушылармен және режиссерлік-қойылым тобымен жұмысы» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі, аға оқытушы А. М. Ахметжанова оқытады.

– «Деректі фильм режиссурасы», «Монтаж» пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтарды оқытушы, өнер магистрі Ж. Құрмашева өткізеді.

– «Деректі фильм режиссурасы», «Режиссура», «Кино тілінің эволюциясы», «Көркем киноның мәтіні», «Режиссердің орындаушылармен және режиссерлік-қойылым тобымен жұмысы», «Режиссердің постпродакшндағы жұмысы» пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтарды өнер магистрі, аға оқытушы Рамазанова Б. К. жүргізеді.

– «Режиссура ТВ», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау» пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі Исаев О. М. өткізеді.

– «Кинорежиссер шеберлігі», «Режиссура өнері», «Монтаждау теориясы», «Монтаждау практикасы», «Кино тілінің эволюциясы» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі Р. А. Әлжанов оқытады.

– «Анимация режиссурасы», «Арнайы сурет», «2D анимация», «Анимациялық фильмнің бейнелеу шешімі» пәндері бойынша теориялық және практикалық сабақтарды А.Абельдинов жүргізеді.

– «Желілік емес монтаж», «2D анимация», «Анимация техникасы II», «Арнайы сурет» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды: өнер магистрі Р. М. Аймурзин, Оразалы Ж., Р. Р. Усманов және И. В. Ардашов жүргізеді.

– «Монтаждау негіздері», «Монтаждау» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды оқытушы, өнер магистрі К. Б. Сардарбекова өткізеді.

– «Кинорежиссурадағы заманауи үрдістер», «Кинорежиссураның негіздері», «Режиссердің демеушілермен жұмысы», «Режиссура бойынша арнайы курс», «Режиссердің орындаушылармен және режиссерлік-қойылымдық топпен жұмысы»  пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі Б. Е. Құдайберлиев өткізеді.

 Шығармашылық, ғылыми – зерттеу және оқу–әдістемелік жұмыстарға білім алушылардың толыққанды рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытатын педагогикалық қызмет ықпал етеді. Оның бірден бір дәлелі – халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдер бағдарламаларын орындау, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жүйелі түрде арттырып отыру болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы білім алушыларды әлеуметтік өмір салтына, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге, ынталылыққа, білімді ұрпақ пен білікті маман дайындауда білімге ұмтылуға деген қабілетін қалыптастырады.

• Ekran2022@mail.ru

Приемная комиссия