• 27.04.2024

“Шәкен” кино клубы

Жаңалықтар

Сәуір айының 2 жұлдызында кино клубқа өз шеберлік сағатымен әйгілі мәдениеттанушы, PhD докторы, жазушы, сценарист, блогер және “Охотники за петроглифами” атты археолог-еріктілер тобының мүшесі — Зира Наурызбай келіп кетті. Шараға өзге ЖОО көрермендері мен академияның өзге бөлімдерінің қызметкерлері үлкен қызығушылықпен қатысты. Пайдалы, әрі тұшымды әңгіме қызу талқыға ұласып, көрермендерге ұнады деп айтуға толық негіз бар.

26 наурызда кино клуб алаңында аты әлемнің “А” деңгейіндегі кинофестивальдерге мәлім, қазақ авторлық киносының көшбасында жүрген жас дарынды режиссер — Әділхан Ержанов қонақта болды. Сонымен қатар, академия студенттеріне өзінің соңғы туындысы “Адемоканың оқуы” атты фильмін паш етті. Фильм мен режиссерді көрген де арманда, көрмеген де арманда. Шеберлік сабағында режиссер және фильмнің продюсері Серік Абишев фильм өндірісіндегі өз сырларымен бөлісіп, жас буын кинемотрафистерге бағалы кеңестерін аямады. Кездесуді жүргізген модератор — әйгілі режиссер, Болат Қалымбетов болды.


19 наурызда “Шәкен” киноклубында “Пацаны” фильмінің авторларымен кезекті “Академиялық кездесу” өтті. Біздің студенттер қызығушылықпен тамашалады. Режиссер Абдель Елубаев және оператор Едіге Несіпбеков осы фильмдегі және жалпы кино индустриядағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтарға және кездесуге қатысқан барлық көрермендерге алғыс білдіреміз.

Бүгін, 18 наурызда “Кино және ТВ” факультетінің 30 жылдығын мерекелеу аясында клубтың кино алаңында кинооператор, Берлинале(Германия, 2013 ) ХКФ-ндегі үздік операторлық жұмысы үшін (“Уроки гармонии”) “Күміс аюдың” иегері — Азиз Жамбакиевпен кездесу өтті.

Азиз студенттермен халықаралық кино өнері аренасында пайдалы білімі мен тәжірибесімен бөлісті.


Бүгінгі “Шәкен” кино клубында кезекті “Академиялық кездесуіміз” өтті. Өзінің шеберлік сағатымен телевизия саласындағы ең мықты режиссерлердің бірі Ринат Қоқымбаев келді. Арнайы шақырылған қонақ студенттермен өте қызықты ақпараттар мен жеке тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, телевизиялық түсірілім мен эфирге арналған арнайы бағдарламамен біздің білім алушыларды таныстырды. Бүгінгі кездесу телевизиялық режиссерлер мен операторлар үшін өте пайдалы болды.


05.03.2024 жылы Шәкен киноклубында белгілі сценарист, режиссер, қоюшы суретші Сәбит Құрманбекпен «Академиялық кездесу» өтті . Режиссер түсірілім алаңындағы тәжірибесімен бөлісті. Бұл академиялық кездесу өте қызықты және пайдалы болды. Студенттер көптеген пайдалы кеңестер мен ұсыныстарды білді. Сәбит Құрманбаевқа шығармашылық табыс тілейміз.        


27.02.2024 жылы Шәкен кино клубында белгілі кино және тв жобаларының сценаристі Сергей Литовченкомен “Академиялық кездесу” өтті. Сценарист сценарий жазу және оның құрылымдарымен және  тәжірибесімен бөлісті. Үлкен тәжірибесі бар адамды тыңдау өте қызықты болды. Қазір студенттер үшін мұндай білім өте өзекті болып саналады. Сергей Литовченканың келіп  тәжірибе алмасқаны үшін рахмет айтамыз. Шығармашылық табыс тілейміз.

Фильмографиясы

Телевизиялық жобалар: «Вузеры» 2-3 маусым, «Сұрбойдақ», «Золушка Зауре», «Отец», «Сүйе білсен» 1-2 маусым, «Орыстар-1».

Толық метражды фильмдер: «Ninety one», «Сиситай» драмасы, «Махаббат кафесі », «Станция судьбы», «Брат или брак 2-3 », «Ва-банк», «Казбат», «Бизнес по Казахски в Бразилии».

Веб-сериялдар: «Сержан братан», «5:32», «1286».

Кеше 20.02.2024, кино клубта Әлия Меңдіғожинамен “Академиялық кездесу” өтті. Продюссер студенттермен өзінің жеке тәжірибесі мен қысқа метражды,толық метражды фильмдерді түсіру, оның алға басып, танымал болуы жайлы өз білімімен бөлісті. Осындай “тәжірибе алмасу” кездесуіне, Әлияға алғысымызды білдіреміз. Қазіргі таңда осындай білім студенттер үшін өте керекті және пайдалы. Продюсерге шығармашылық табыс пен алдағы жобаларға сәттілік тілейміз.

Сізге қызық болды ма?


2024 жылдың 19 ақпанында “Shaken” киноклубында деректі кино режиссері, халықаралық кинофестивальдердің лауреаты Владимир Тулькинмен кездесу өтті.
Владимир Викторович студенттермен “шыбындардың иесі” деректі фильмінде көркем образ жасаудағы түйсіктің рөлі ” тақырыбында әңгімелесті.
Владимир Тулкин бұл фильмді 1990 жылы түсірген, бірақ бүгінде ол өзекті болып қала береді.
Ақ әлемдегі барлық шыбындарды жойғысы келген адам туралы бұл фантасмагориялық таспа фестивальдің үлкен жетістігіне ие болды және ресейлік кинотанушылардың айтуынша, ХХ ғасырдың 50 үздік фильмдерінің тізіміне енді.
Кездесуде студенттер режиссерге деректі фильмдегі сценарий, кейіпкерді таңдау, режиссерлік тәсілдер мен суреттегі музыка туралы сұрақтар қойды. Бірақ, мүмкін, Владимир Тулкиннің кинематографистерге жазған ең маңызды хаты: “режиссер болу үшін жеке тұлғаны тәрбиелеу керек”.
Соңында Владимир Викторович А. блоктың өлеңдерін оқып, кездесу тақырыбының қызыл сызығын – әлемнің қосарлануын тағы бір рет атап өтті


“Кино және ТВ” факультетінің 30 жылдық мерей тойы аясында 2024 жылдың 6 ақпан күні, “Шәкен” кино клубында, академияның режиссер және оператор мамандығының білімалушыларының шығармашылық жұмыстарынан құралған арнайы көрсетілім болды. Көрсетілім “Кино теориясы мен тарихы” кафедрасымен бірлесе өткізілді. Көрсетілім соңында жас кинематографисстердің қатысуымен қызу талқыға ұласып, білімалушылар жұмыстарына қатысты лайықты сын-пікірлер естіп, сыйлы лебіздер қабылдады. Көрсетілім барысындағы лық толы залға қарағанда, көрсетілім үлкен қызығушылық танытқаны анық. Сөз соңында барлық қатысушыларға шығармашылықтарына сәттілік пен дарынды жұмыстарының көп болуын тілейміз.


Жақында “Ara” студиясының шығармашылық ұжымымен, танымал “Шырақ” анимациялық фильмінің авторларымен кезекті академиялық кездесу өтті. Бұл кездесу ерекше болды, өйткені студияның бұл фильмін пікірлестердің бастамашыл және шығармашылық тобы құрды және толығымен өз қаражатына. Бұл ретте фильм бірден “YouTube” Бейне платформасында көпшілікке шықты. Студенттер көптеген маңызды сұрақтар жинады, ал қонақтар тарапынан қызықты ұсыныстар болды. Студияның шығармашылық ұжымына рахмет және “Шәкен” кино клубының барлық қатысушыларына сәттілік тілеймін!

2023 жылдың ақпан айында Қазақ Ұлттық өнер академиясының “Кино және ТВ” факультетінің тұсында, оқу орнының тарихында тұңғыш рет “Шәкен” кино клубы ашылды. Кино клуб қазақ киносының атасы Шәкен Аймановтың есімімен аталады. Киноклубтың басты мақсаты: өнер саласында, соның ішінде академияның кино факультетінде мәдени құндылықтарды дамыту. Сонымен қатар, киноклуб кино және телевизия саласындағы жас мамандарға арналған шығармашылық алаң қалыптастырады.

Мұнда шығармашылық кездесулер, мастер-класстар, кино көрсетілімдер, дебаттар секілді түрлі іс-шаралар өтіп жатады. Киноклубтың арнайы қонақтары болып Олжас Ибраев, Елзат Ескендір, Даурен Қамшыбаев, Ален Ниязбеков, Асылхан Мельдебеков, Бекболат Шекеров, Мерей Маханов және т.б. жас кинематографистер келіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби ақылдарын жеткізді. Сонымен қатар, кино клуб аясында әлем кино классиктерінің туындылары мен заманауи “шедеврлер”, дебютанттар мен академия студенттерінің туындылары көрсетіледі. Және де түрлі шығармашылық, ойын-сауық және интеллектуалды шаралар өткізіледі.

“Шәкен” киноклубы кино саласымен қатар өзге шығармашылық мамандықтардың басын қосып, жаңа байланыстар мен кездесулерге жол ашады. Өзін-өзі ашуға мүмкіндіктер туғызып, білімалушылар арасында мәдени, моральді және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге атсалысады.

Киноклуб аптасына бір рет келесі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

  • 1. Мастер-класстар
  • 2. Шығармашылық кездесулер
  • 3. Дебаттар
  • 4. Тақырыптық іс-шаралар
  • 5. Кино көрсетілімдер

Киноклубтың авторы мен жетекшісі “Экрандық өнер режиссурасы” кафедрасының оқытушысы Исаев О.М., “Кино және ТВ” факультетінің қолдауымен.

Келіңіздер және қызықты қауымдастықтың қатысушысы болыңыздар.

Іс-шаралар мен өткен күндері:

  • 09.02.2023 – Олжас Ибраев “Академиялық жүздесу”
  • 02.03.2023 – Елзат Ескендір “Академиялық жүздесу”
  • 24.04.2023 – Мерей Маханов “Академиялық жүздесу”
  • 19.09.2023 – Зульфикар Мусаков Мастер-класс, “Свинец” К/Ф кинокөрсетілімі
  • 03.10.2023 – Даурен Камшыбаев “Академиялық жүздесу”, “Зере” К/Ф кинокөрсетілімі
  • 10.10.2023 – Халықаралық кинофестивальдердің жүлде иелері, студенттердің туындыларына арналған кинокөрсетілім:
  • “Рецепт” Д. Абдуллаева,
  • “Я вижу свет” Ж. Мырзакул
  • “Ариса Хашимото” С. Уристемова
  • “Their eyes” Э. Завизион
  • 24.10.2023 – “Дуэль” К/Ф кинокөрсетілімі
  • 31.10.2023 – Киновикторина – тақырыптық іс-шара: “Хэллоуин”, “Эдвард руки-ножницы” К/Ф кинокөрсетілімі
  • 06.11.2023 – Ален Ниязбеков “Академиялық жүздесу”, мастер-класс
  • 13.11.2023 – Бекболат Шекеров “Академиялық жүздесу”, мастер-класс
  • 05.12.2023 – “Крутой коуч против мудрого мастера” дебаты

Приемная комиссия