• 09.12.2024

«Сәндік өнер» кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

Аккредитация

Кафедраның жетістіктері

«Сәндік өнер» кафедрасының тарихы

Жаңадан ашылған «Көркем сурет және театр» институтына «Сәндік -қолданбалы өнер» кафедрасы алғаш   1978 жылы қолданбалы өнерге деген сұраныстың артуына байланысты ашылды. Осы жылы  «Интерьер және жабдықтау» факультетінде «Көркем тоқыма» кафедрасы бөлек ашылды. Содан бері кафедра сәндік-қолданбалы өнер саласын көркемөнер мамандарын даярлап, кафедраның көптеген түлектері әр қилы саладағы кәсіпқой қызметтерін шығармашылықпен табысты үйлестіруде.

«Көркем тоқыма» кафедрасының  тұңғыш меңгерушісі доцент Р.С.Садығұлов болды. Алғаш кафедрада оқытушылар құрамы болып, Ресей өнер институттарын бітіріп келген Избасканова М.К., Бапанова С., Ходжиева Ф.А., Ермекбаева А.К., Ибрайшина Г.К. «Сәндік  өнер» мамандығы бойынша бағдарлама жазып, жұмыстар жүргізді. 1978-1999 жылдар аралығында «Көркем тоқыма» кафедрасының  оқу практикалық тәжірибесі Алматы мақта-мата комбинаты, Алматы кілем фабрикасы, Өскемен жібек -мата комбинаты, Қарғалы шұға комбинаты және Москва, Ленинград, Рига, Вильнюсь Киев, Львов, Тбилиси, Ташкент, Самарканд, Бұхара, Хиуа, Түркістан т.б. қалаларында үлкен жоспарлы түрде жүрді.

«Көркем тоқыма» кафедрасын әр жылдар кезеңінде  Р.С. Садығұлов, Г.К. Ибрайшина, Ф.А. Ходжиева, А.К. Ермекбаева, А.С. Сарсенбаев, С.С.Бапановалар кафедра меңгерушісі қызметтерін жемісті атқарды.


«Сәндік- қолданбалы өнер» кафедрасының «Металл, ағаш және өзге материалдардан көркем бұйымдар жасау» саласында алғаш меңгерушісі Ю.И.Белов және Т.Жалмуханов, Р.Ахметов, Т.Мигунов, К.Тыныбеков т.б кафедраның қалыптасуы мен дамуына көп еңбек сіңірді. 1984 жылдан бастап кафедраны өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор К.К. Муратаев басқарды. Оқу үрдісінде  кафедраның ғылыми-әдістемелік және ғылыми-шығармашылық жұмысын жоғары оқу орнының барлық талаптарына сай биік деңгейге жеткізілді. «Сәндік- қолданбалы өнер»  кафедрасын әр жылдар кезеңінде  Ю.И.Белов, Қ.Қ. Муратев, Д.З. Каметканов, Г.З. Досмаганбетова, Д.Шоқпаров, Б.Атамқұлов кафедра меңгерушісі қызметтерін жемісті атқарды. Алғаш кафедрада оқытушылар құрамы болып, Ресей өнер институттарын бітіріп келген зергерлік, ағаш, қыш мамандықтары бойынша Ы.К. Канафин,  Т. Ефимов, Г.З. Досмаганбетова, Ж. Досетов, Р. Ахметов, Т. Жалмуханов, Ж.С. Сагимбеков  т.б жұмыс істеді.

Академия кеңесінің шешімімен 2000 жылы әр саладағы сәндік қолданбалы өнер мамандықтары  «Сәндік- қолданбалы өнер» кафедрасына бірікті.

Сәндік өнер кафедрасын 2003-2022 жылдар аралығында ҚР Мәдениет қайраткері, білім берудің құрметті қызметкері Р.Қ., «2013 жылдың ЖОО үздік оқытушысы», ЖОО профессоры Р.Е.Базарбаева басқарған. 2022 жылдан бастап кафедраны аға оқытушы, өнер магистрі Талдыбаева А.С. басқарады.

Кафедрада  бүгінде төрт бөлім бойынша жоғары білімді мамандар даярланады. Бүгінгі танда кафедрада мамандықтар бойынша білім беретін оқытушы профессорлар құрамында: 

2- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, 4 — Қазақстанның Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Республикасының 1- Мәдениет саласының үздігі, 7- Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, 4- Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі бар. Сондай ақ, олардың ішінде: 1- философия  ғылымдарының кандидаты, 2- ЖАК профессоры, 2-Жоғары оқу орындарының үздік моқытушысы, 2- академиялық профессор, 1-ЖАК доценті, 2- академиялық доценттер, 1- жастар және республикалық сыйлықтарының лауреаттары бар.


         Кафедраның ұжымының ғылыми әлеуеті мен кәсіби шығармашылық біліктілігі жоғары дәрежеде. Бұл күнде мамамамандық даярлаудың көпдеңгейлі жүйесіне (баклавриат, магистратура және доктарантура) көшті. 2010 жылдан бастап кафедрада 5 философия PhD докторы, 20-дан астам өнертану магистрінен диссертациялар қорғалды. Кафедра профессорлары философия ғ.к. Ж.Т. Берістенов  2012 жылдың «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атанса,  2013 жылдың «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атағын Б.Е. Базарбаева атанып,  мемлекеттік грантты жеңіп алды. Кафедрадағы білім тынысы мен шығармашылық атомсфераға профессорлар С.С. Бапанова, Р.Е. Базарбаева, Ә.С.Сәрсенбаев, Ж.Т.Берістенов,А.М. Құмаров, С.М. Баширов, Е.С.Даубаевтар ықпал етеді. Е.Тәжібаев, А.Талдыбаева, Қ.Тулақбаева, М.Мағзұмов, Б.Досжанов және т.б оқытушылар ұжымға жастық жалын мен батыл ізденістер әкелуде.

         Кафедра  Қазақстанға мәдениет пен өнер қайраткерлерінің  саңлақтарын, әйгілі қолданбалы өнер шеберлерін дайындап беруде. Сөйтіп Республикамыздың  мәдениетін көтеруге елеулі үлес қосып, көптеген шығармашылық тұлғалардың қалыптасуы мен дамуына ықпал етіп,  өнер саласындағы қызықты жобаларға бастамашы болуда. «Сәндік -қолданбалы өнер» кафедрасы көпшілігінен тек тамаша оқытушылар ғана емес, көптеген қазақстандық  және шетелдік көрмелерге қатысқан кәсіби суретшілер шыққан өз түлектерімен мақтана алады. 1978-2023 жылдар арасында кафедраны 400-ден астам түлектер бітіріп шықты. Бүгінгі таңда түлектер республикамыздың әр қалаларында шығармашылық және ұстаздық қызметте табысты еңбек етуде.

Студент жастар мен магистранттар ұжымның қоғамдық өміріне, дәстүрлі мерекелер мен конкурстар өткізуге белсене қатысады.

         Қазірде кафедра  студенттердің көркемөнер саласында ең  заманауи да беделді мамандықтар алуына жағдайлар мен мүмкіндіктер беру үшін өте маңызды жұмыстар атқаруда. Жыл сайын жоғары оқу орындарының әр түрлі мамандықтары арасында өтетін Республикалық байқауларда «Сәндік өнер» кафедрасының студенттері бірінші орындар алуы, Қазақстан Республикасының «Дарын» жастар сыйлығын екінші курс магистрант иеленуі жоғары ғылыми-техникалық және кафедрамыздың шығармашылық әлеуеті.

Мамандықтар шоғырының кеңдігі түлектердің әр қилы көркемдік ұмтылыстарын жүзеге асыруына ықпал етеді. Көркемдік-эстетикалық тәрбие мен білім беру саласында қәзіргі қоғамның түбірлі жаңа талаптарын қоюда: нағыз қажет білім- ол өнер саласы және кеңірек алсақ — мәдениет саласындағы білімнің барлық маңызды компоненттерін қамтитын білім екені анық. Кафедра студенттерді тек өнерді тани білуге ғана емес, көркем шығармашылықтың әртүрін меңгере білуге өзіне міндет етіп отыр.

         Кафедраның міндеті — өз түлектерін практикалық машықтылық негіздері жағынан және тарихи, теориялық-әдістемелік  мәнін түсінуден іргелі, академиялық кең біліммен дайындап шығару болып табылады. Кафедра «Қолданбалы-сәндік өнердің дәстүршілдігін сақтау және заманға сай жаңғырту» атты ғылым бағыты бойынша жұмыс жасауда. Оқу жоспары мен бағдарламаларында қарастырылған пәндерді игеру оқытудың тео­риялық  және практикалық сипатын ұштастырады. Мұның өзі академиядағы білімінің  мәніне,  жалпы  талаптарына  жауап береді. Өнер тарихын, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі мен теориясы, әлемдік көркемсурет мәдениеті мен өнерін тануға және оны кеңінен  тартуға  мүмкіндік береді.

Кафедраның тәрбиелік жұмысы толығымен жоғары білімді, білікті мамандар даярлау мақсатында студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, азаматтық танымын дамытуға бағытталған.

Приемная комиссия