• 21.06.2024

«Театр және кино әлемі» атты кітабының тұсау кесер өтті.

Авторkaznai

Қар 29, 2023

28 қараша 2023 жылдың Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапхана ұйымдастырумен Жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия «Өнертану» факультетінің профессоры Дулат Исабековтың «Театр және кино әлемі» атты кітабының тұсау кесер өтті.

«Театр және кино әлемі» деп аталатын бұл кітапқа автордың ұзақ жылдар бойы қазақтың Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында драматургия және кинодраматургия саласы бойынша оқыған лекциялары енген. Кітап филология факультеттері мен өнертанушы студенттерге және осы саланың қыр-сыры мен құпиясын білуге құштар көпшілік қауымға арналған. Кітаптың бірінші бөлімі жас драматургтер мен жас сценаристерге пьеса мен сценарий жазудың теориялық жөне практикалық жолдары көрсетілсе, екінші бөлім әлемдік кино шеберлерінің іздену жолындағы алуан түрлі қиындықтарды жеңу мақсатындағы жанқиярлық еңбектері қызғылықты жазылған. «Тағдырлы  тарландар» деген үшінші бөлімде әлемдік классиктер – Аристофан, У.Шекспир, И.Гете, Н.Гоголь, А.Чехов, М.Горький, М.Булгаков сынды тарландардың бізге белгісіз болып келген тағдырларының беті ашылады. Драматургия мен кинодраматургия саласын өз төжірибесі арқылы жақсы білетін Д. Исабековтың бұл танымдық еңбектері жаңа жаза бастаған театр мен кино мамандары үшін ғана емес, көпшілік қауым үшін де берері мол кітап болары сөзсіз.

Тұсаукесер рәсімін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, Саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы алғыс сөзімен ашты.

Тұсаукесер  модератор өнертану кандидаты, театртанушы Аманкелді Оразбайұлы Мұқан   қонақтарды  осындай маңызды оқиғаның өткізілуімен шын жүректен құттықтап, авторға жылы лебізін білдіре отырып, кітаптың мазмұны мен көркемдік деңгейінің жоғары екеніне жеткізді.

Іс шара барысында жазушы ұстаз-ғалымдарымен, студент қауымымен жүздесті. Сонымен қатар сұрақтарына жауап беріп, ой-пікірімен бөлісті

Тұсау кесерге академия ұстаздары мен  БАҚ өкілі,  студенттер қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия