• 26.04.2024

«Бүгінгі театрлық процестегі өзекті мәселелер: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-теориялық (онлайн/оффлайн) конференциясы өтті.

Авторkaznai

Сәу 6, 2022

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті және  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2022 жылдың 25-наурызы күні Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Тәуелсіз Платиналы «Тарлан» сыйлығының иегері, көрнекті театр сыншысы, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың 75 жасқа толуына орай «Бүгінгі театрлық процестегі өзекті мәселелер: теория және практика» атты Халықаралық ғылыми-теориялық (онлайн/оффлайн) конференциясы  өтті.

Бұл конференцияға шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері қатысты. Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, өнертанушы ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын ұсынған.

Конференцияның пленарлық бөлімінде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректоры – Сатыбалды Азамат Сатыбалдыұлы,  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті – Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург – Исабеков Дулат, өнертану кандидаты, профессор – Құлбаев Аман Бекенұлы, Әшірбек Сығайдың жары – Сығай Күләш Дулатбекқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-дарамтург – Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаев сынды өнер майталмандары сөз алып, Әшірбек Төребайұлын сағынышпен еске алды.

Приемная комиссия