• 26.09.2022

«ÚKILI ÚMIT» АТТЫ II ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ

Авторkaznai

Ақп 18, 2022

«ÚKILI ÚMIT» АТТЫ II ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Конкурсты өткізу форматы: онлайн

2022 жылдың 18 наурызда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті әлеуетті талапкерлерді қабылдау мақсатында «ÚKILI ÚMIT» атты ІІ Жас суретшілер конкурсын өткізеді.  1-ші орын алған байқау жеңімпаздары Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на шығармашылық емтихансыз (ҰБТ нәтижесімен) түседі.

Байқаудың міндеті  – Қазақстан Республикасындағы жас суретшілердің, дизайнерлердің және бейнелеу өнері педагогтарының шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, талапкерлер арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын дамыту және т.б.

Ұйымдастыру комитетінің құрамы біліктілігі  жоғары кәсіби қазылар алқасының мүшелері мен  Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті қайраткерлерінен тұрады және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан әлеуетті талапкерлер қатыса алады. Ол үшін байқау ережесімен мұқият танысу қажет https://kaznai.kz/. Өтінімді толық толтырып, «Суретшілер конкурсына өтінім-2022» деген хаттың тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып оны nurlan.kaznai@mail.ru электрондық поштаға жіберу керек. Осы хатқа қосымша ретінде бір файлға (Microsoft Office Word, PDF) жиналған 5-10 шығармашылық жұмыстардың фотосуреті қоса берілуі керек.

Конкурсқа ұсынылған ең үздік жұмыстардың авторлары Т.Қ. Жүргенов атындағы ҰӨА-на түсу үшін Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті мен академиядан ұсыныстар мен рұқсатнамалар алады.

Ұйымдастыру комитеті өтінімдер мен материалдарды 2022 жылғы 13 наурызға дейін (қоса алғанда) қабылдайды. Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер — себептеріне қарамастан — қаралмайды және конкурсқа қатыстырылмайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Панфилов к-сі, 127, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті

Қосымша ақпарат алу үшін:

  • Email: nurlan.kaznai@mail.ru
  • Call-орталық: +7 702 271 8247
Приемная комиссия