ХОРЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


«Хореография» факультеті туралы мәліметтер
«Хореография» факультеті 1994 жылы құрылды. Оның құрамында екі кафедра бар:
- «Хореография педагогикасы» кафедрасы
- «Балетмейстерлік өнер» кафедрасы
«Хореография» факультетінде 4 білім беру бейіні бойынша мамандар даярланады:
- Хореография педагогикасы
- Заманауи хореография педагогикасы
- Спорттық бал биі педагогикасы
- Балетмейстерлік өнер
Факультеттің қалыптасуы мен педагогикалық және балетмейстерлік мектептің дамуына хореографиялық өнердің майталмандары Д. Т. Абиров, Б. Г. Аюханов, З. М. Райбаев, М. Ж. Тлеубаев, С. И. Кушербаева, К. Н. Андосов, С. А. Наурызбаева, К. М. Жакипова, Э. Д. Мальбеков, О. Б. Шубладзе зор үлес қосты.
Мемлекеттік театр өнері институты – ГИТИС түлектері, оқу-әдістемелік әдебиеттердің авторлары Р. В. Захаров, М. В. Васильева-Рождественская, Т. С. Ткаченко, Н. И. Тарасов, М. Т. Семенова хореографиялық пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі, балетмейстерлік өнер және хореография режиссурасы салаларындағы өз білімдері мен тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа жеткізді.
Ұрпақтар сабақтастығы мен жинақталған білімді одан әрі дамыту ісін қазіргі «Хореография» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы жалғастырып келеді.
Факультетте ғылыми-шығармашылық зертхана және Asian Student’s Dance би театры жұмыс істейді.
Факультет студенттері халықаралық байқауларға, турнирлерге, пәндік олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
«Хореография» факультеті ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық би кеңесінің (CID) мүшесі болып табылады.
Мақсаты
Хореографиялық пәндерді оқытудың әдіснамасы мен технологиясын меңгерген білікті мамандарды даярлау. Хореографиялық өнердің заманауи даму деңгейіне сәйкес дербес педагогикалық, шығармашылық және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыруға қажетті білім, білік және дағдылар кешенін қалыптастыру. Хореографияның түрлі бағыттарын меңгеру арқылы білім алушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін жан-жақты дамытуға жағдай жасау.
Іздеу
Хабарландырулар

07.10.2026

29.09.2026

