• 19.03.2024

“Өнер” арнасы

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының тарихы тереңде жатыр. 2001 жылы ҚР Президентінің Қаулысы шығып, оқу орынының ұлттық  статусы анықталды. Т. Жүргенов атындағы Академия шығармашыл интеллигенция өкілдерін дайындау барысындағы бірден бір танымал орталық екені анық. Академия түлектерін тәрбиелеу жұмысымен ҚР халық әртістері мен халық суретшілері, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары,  шығармашыл одақтардың мүшелері, халықаралық байқаулар мен фестивальдардың жүлдегерлері, ғылым докторлары, профессорлар айналысады. Академия халықаралық білім стандарттарына сай білім беруді  мақсат тұтқан. Академия қабырғасында түрлі ғылыми симпозиумдер мен конференциялар, әйгілі режиссерлер, әртістер мен суретшілер, әлемдік деңгейдегі музыканттар  ұйымдастырған шеберлік сағаттары, түрлі көрмелер жиі өтіп жатады. Еліміздегі осынау шығармашыл ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларының елмен бөлісіп, айтары көп.  Сондықтан да, Өнер академиясының студенттер телестудиясы оқу және білім беру процесіне қызмет жасап келе жатыр.

Бүгінгі заманда жоғарғы оқу орынындағы оқу процесінде цифрлық технологияларды жан-жақты енгізіп, қолдану аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл үрдіс оқу процесін сапалы түрде жетілдіре отырып, тәлім тиімділігі жағынан жоғары санаттағы ақпараттық-білім беретін ортаны қалыптастыруға мүмкіндік ашып берді. Міне, Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының студенттер телестудиясы осы міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылған болатын.

Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясының студенттер  телестудиясы теле жүргізуші, журналист, телеоператор, сценаршы, режиссер сынды кәсіп үшін студент жастар арасындағы бейімділерін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды оқу платформасы болып табылады.

 Телесюжеттер, репортаждар, теле бағдарламаларды жсап үйрену арқылы студенттер өздерін жеке де, шығармашыл ұжым  қатарында да барынша көрсетуге жол ашады. Телекешен студенттердің шығармашыл күш-қуатын нақты теле өнім(сюжет, репортаж, сұхбат, скетч, қойылымдар, телебақылау және т.б.) шығаруа жұмсап,әсіресе,  өз жұмысын елге танытуға мүмкіндік береді.

    Академияның студенттер ТВ-сы – бұл жан-жақты қоғамдық-көркем ТВ, сонымен қатар, білім беру процесін ақпаратпен қамтудың бірыңғай жүйесі. Телеккешеннің мақсаты ұзақ мерзімге бағытталған және нақт іс-әрекет пен нәтижеге иек артқан іс жүзіндегі тәрбиеге сүйенеді:

  • – Жүргенов атындағы Академия студенттері мен қызметкерлерін ақпаратпен қамту;
  • – Студенттердің  ұсынысын жүзеге асыра отырып, түрлі тақырыптардағы бейне жобалар әзірлеу;
  • – Студенттер мен оқытушыларға арналған мәдени-ағартушылық, білімге баулитын бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • – Студенттер мен оқытушылардың шығармашыл және ізденімпаздық қасиетін дамыту;
  • – Өнер Академиясы студенттерінің әлеуметтік-ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
  • – Студенттердің азаматтық, кәсіби тұрғыда өскенін, өнердегі өз орынын табуға ықпал жасау;

        Студенттер ТВ-ның бағдарламалары – ол, ең алдымен, жастардың өмір мен өнерге деген көзқарасы. Олар оқу орынына қатысты жаңалықтар мен репортаждарды өздері-ақ түсіретін болады. Суреткер ретінде көзқарасын білдіріп отыады. 

Студенттер ТВ-ның басты бағыттары мен міндеттері – ақпараттық шығарылымдарда, бағдарламаларда студенттер өмірінің өзекті проблемаларын, олардың қоғамдық  өміріндегі маңызды сәттерді көрсету, ТВ саласындағы кәсіби тәлімді игеру мақсатында, мамандарды шақыра отырып, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру.

Редакция жүргізетін саясат, жоспарлау, нақты бір сюжетті немесе бағдарламаны әзірлеу құрамына студенттер ТВ-ның жетекшісі, ақпараттық бағдарламалар басшысы енетін редакция тобының құзырында болады.

Приемная комиссия