• 19.03.2024

Өнертану факультеті

“Өнертану” факультеті үш кафедра негізінде құрылған: “Театр өнері тарихы мен теориясы” (кафедра меңгерушісі профессор С.Д. Кабдиева), “Кино тарихы мен теориясы” (кафедра меңгерушісі профессор Г.К. Наурызбекова), “Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы” (кафедра меңгерушісі профессор К.С.Оразкулова). Факультет “Театртану”, “Өнертану”, “Кинотану” және “Кинотеледраматургия” бағыттары бойынша үш деңгейде мамандар даярлайды: бакалавриат, магистратура және докторантура.


Жақсылықова Меруерт Болатқанқызы

Декан

Толығырақ

Жақсымбет Ғани Бахытбекұлы

Декан орынбасары

Толығырақ


Біздің түлектер

Мастер класстар

Студент жетістіктері

«ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТАРИХЫ

«Өнертану» факультетінің құрамына 3 кафедра кіреді: «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» (каф.меңгерушісі, профессор  Қ.Оразқұлова), «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі, профессор Еркебай А.С.), «Кино өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі, доцент Нөгербек Б.Б.). Факультет үш деңгейде: бакалавриат, магистратура, докторантура, «Театртану», «Өнертану», «Кинотану», «Кинотеледраматургия» бағыттары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады.

«Өнертану» факультетінің тарихы 1983 жылы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтында философия ғылымдарының кандидаты, доцент В.Диденко меңгеруші болған «Эстетика, өнер тарихы мен теориясы» кафедрасының ашылуынан басталады. 1987 жылдан бастап кафедраның аты «Өнер тарихы мен теориясы» деп өзгертілді (каф. меңгерушісі өнертану кандидаты, доцент К.Ибраева). 1990-1993 жылдары кафедраны өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев, 1993-1996 ж.ж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ө.к., профессор А.Қадыров басқарды. 1996-2000 ж.ж. өнертану кандидаты, профессор С.Д.Қабдиева болды.

2000 жылдан бастап «Өнертану» атанған кафедра академияның өнертану саласындағы басты теориялық базасына айналды. Бұл жылдары кафедраны өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев басқарды. 2002 жылы осы кафедра негізінде «Өнертану» факультеті құрылды, факультет деканы болып п.ғ.к, доцент, ҚР Суретшілер және Журналистер одағының мүшесі Қ.Болатбаев тағайындалды. Факультет қарамағына төрт кафедра кірді: «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі С.Д.Қабдиева), «Кино өнерінің тарихы мен теориясы» (каф. меңгерушісі Г.Қ.Наурызбекова), «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» (каф.меңгерушісі  Р.А.Ерғалиева), «Дәстүрлі мәдениет және өнер» (каф. меңгерушісі А.Т.Айтуарова).

  2006-2019 жылдары факультет деканы өнертану докторы, профессор Б.К.Нұрпейіс болды. Қазіргі уақытта факультетті өнертану кандидаты, профессор М.Жаксылыкова басқарады. 

  1990 жылы «Театртану» мамандығы бойынша студенттердің алғашқы тобы қабылданды.  Шеберхана жетекшісі Қазақстан Республикасының  театр өнерінің тарихы мен теориясы бойынша көрнекті маманы, өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев болған еді.

Кафедрада әр жылдары театртанушы-мамандар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Б.Құндақбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор А.Қадыров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ә.Сығай еңбек етті. Қазіргі таңда Қазақстандағы білікті театртанушылар сабақ береді.

Кинотану мамандығының алғашқы тобы 1993 жылы қабылданды, шеберхана жетекшісі – Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинотанушы Б.Нөгербек. Кинотеледраматургтер 1994 жылы қабылданды. Бұл  шеберханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы, кинодраматург Ә.Әшімов (Әкім Тарази) дәріс берді. Қазіргі кезде «Кинотеледраматург» мамандығы бойынша шеберханаларда белгілі жазушылар мен кинодраматургтер Д.Исабеков, С.Балғабай, С.Елубай, Ш.Құсайынов  дәріс беріп келеді.

 «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасын 2002-2003 жылдары өнертану докторы, профессор Р.Ерғалиева, 2003-2007 жылдары өнертану кандидаты, доцент  О.Батурина, 2007-2010 жылдары өнертану кандидаты А.Юсупова, 2011 жылдан бүгінге дейін философия ғылымдарының кандидаты, профессор  К.С.Оразқұлова басқарып келеді.

              Факультетте 2 ғылым докторы, 4 PhD, 14 профессор, 7 доцент, 12 ғылым кандидаты, 1 ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, 6 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 11 Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының, 7 Халықаралық театр сыншылары ассоциациясының (IATC), 3 Кинематографистер Одағының, 3 суретшілер Одағының мүшелері  дәріс оқиды.

         Соңғы жылдары «Өнертану» факультеті халықаралық деңгейде танылып келеді. Факультеттің көптеген студенттері мен түлектері студенттік шығармашылық «Жігер», «Шабыт», халықаралық «Евразия», «Шәкен жұлдыздары», «Бастау», «Алматы кинофестивалі» және басқа  фестивальдердің лауераттары атанды.

       Жыл сайын факультеттің халықаралық ғылыми және шығармашылық: ВГИК, ГИТИС, РГТУ сынды Жоғары оқу орындарымен, Третьяков галереясымен, Эрмитаж мұражайымен, Ташкент қаласының Өнертану институтымен, Голландияның Роттердам кинофестиваль орталығымен, «Киномәдениет» интернет-журналының американдық кинотанушыларымен, сол сияқты, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайымен, «Қазақфильм» кинокомпаниясымен, «Алматы кинофестивалімен», «Шәкен жүлдыздары» Халықаралық фестиваль орталығымен, Кино-фотоқұжаттар мемлекеттік архивімен және Қазақстандағы барлық театр және көркемөнер мекемелерімен байланыстары кеңейіп келеді.

        Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі  магистратура мен докторантурасында педагогикалық және ғылыми қызметтер бойынша мамандар даярлау жаңа бағдарламалар негізінде, ұлттық білім беру концепциясымен  және Болондық Конвенциялар бойынша жүргізіледі, бұл факультеттің болашақтағы шығармашылық және ғылыми өсуінің бастамасы болып табылады. Факультеттің бітірушілері театрларда, мұражайларда, галереяларда, баспаларда, ғылыми-зерттеу институттарында және өнер жоғары оқу орындарында, кино мен телевизия салаларында жұмыс істейді.

        Факультеттің стратегиялық жоспарында халықаралық байланыстарды одан әрі жалғастыру, ҚР ғылыми және шығармашылық  ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасауды тереңдету көзделіп  отыр.

Байланыс:

050000, г.Алматы, ул.Панфилова, 127

onertanu2014@mail.ru 

+7 727 261 62 81 (деканат)

Приемная комиссия