• 22.11.2024

«ҚАЗІРГІ ЗАМАН СЫН-ТӘУЕКЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТЕАТР ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Авторkaznai

Сен 27, 2023

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық Мемлекеттік мекемесі

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 Құрметті әріптестер және достар!

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Сіздерді 2023 жылдың 31 қазанында өтетінмемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың 75 жылдығына арналған

«ҚАЗІРГІ ЗАМАН СЫН-ТӘУЕКЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТЕАТР ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  •             1. Театр өнерін зерттеудегі теориялық және әдіснамалық мәселелер;
  •             2. Визуалды өнер жаһандық әлемдегі қажеттілік ретінде;
  •             3. Жаһандану және материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың практикалық мәселелері;
  •             4. Өнердегі пәнаралық зерттеулер: гуманитарлық ғылымдар мен кәсіби білімнің даму процестері;

Конференция: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды.

Қатысу нысаны: оnline/offline, тікелей және сырттай режимінде.

            Конференция жұмысына қатысқысы келетіндер 2023 жылдың 10 қазанға дейін musicaltheatre22@mail.ru электрондық почтасына төмендегілерді жіберу керек:

  • 1) конференцияға қатысуға өтінім (1-қосымшадағы өтінім үлгісін қараңыз);
  • 2) Баяндама мәтіні (2-қосымшадағы баптарды ресімдеуге қойылатын талаптарды қараңыз).

Материалдар бойынша шығыс деректері мен ISBN-ы бар электрондық жинақ шығару жоспарлануда.

Көрсетілген күннен кеш түскен, сондай-ақ конгресс тақырыбына және ресімдеу ережелеріне сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды.

Мақаланың немесе баяндаманың түпнұсқалығы үшін автордың өзі жауап береді. Конгресс материалдарының жинағында мақала жариялау – тегін.

Іс-шараға қатысуға байланысты барлық шығындар жіберуші тараптың немесе қатысушылардың өздерінің есебінен төленеді.

  • Байланыс телефоны:
  • Телефон: +7 (727) 272 04 99;
  • +7 7057404370 (WhatsApp);
  • Электрондық пошта: musicaltheatre22@mail.ru
  • Ресми сайт: http://kaznai.kz/
  • Instagram: oner_akademiasy

Ұйымдастыру комитеті осы ақпаратты қажетті тұлғалар арасында таратқаныңыз үшін алғыс білдіреді.

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР

Материалдардың құрылымы:

Мақала УДК индексінен басталады, содан кейін мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, ғылыми мекеменің толық атауы, қысқаша аннотация (кемінде 100 таңба) және кілт сөздер (8-10 сөз) болу керек. Ақпарат қазақ (Қазақстан азаматтары үшін), орыс және ағылшын тілдерінде ресімделеді.

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар:

1.         Мақала мәтіні электронды түрде ұсынылады. Файл атауында автордың тегі (тең авторлар болған кезде – бірінші автордың тегі) көрсетіледі: екі файл да: тегі-мақала, тегі-сауалнама деп аталады.

2.         Мақаланың баспа түріндегі көлемі – 5-10 бет, Баяндама мәтіні Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген 5 бетке дейін, қаріп – Times New Roman, қаріп өлшемі – 14 кегль, абзац шегінісі – 1,25 см; жоларалық интервал – 1,0. Өрістер: жоғарғы – 2,0 мм, төменгі – 2,0 мм, оң – 2,0 мм, сол – 3,0 мм.

3.         Аннотация (кем дегенде 100 сөз). Аннотацияда жұмыстың тақырыбы, тақырыбы, мақсаты, жұмыс әдісі немесе әдістемесі, жұмыс нәтижелері, нәтижелерді қолдану саласы, қорытындылар көрсетілуі керек.

— қазақ және орыс тілдеріндегі баяндамалар үшін – ағылшын тілінде;

— ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін – қазақ (Қазақстан азаматтары үшін) және орыс тілдерінде аннотация берілуі керек.

4.         Түйінді сөздер (8-10) (қазақ тілінде – Қазақстан азаматтары үшін, орыс және ағылшын тілдерінде)

5.         Тақырыпты безендіру – 2-қосымшаны қараңыз.

6.         Әдебиеттерді безендіру – 3-қосымшаны қараңыз.

7.         УДК индексі — міндетті

8.         Мақаланың негізгі мәтінін бөлімдерге бөлген жөн (кіріспе, әдебиеттерге шолу, негізгі бөлім, зерттеу нәтижелері).

9.         Кестелер, диаграммалар, суреттер форматтауға мүмкіндік беретін форматта ұсынылады (аударманы жүзеге асыру үшін қажет), мысалы: 1-сурет. Сурет атауы; Кесте 1. Кесте атауы.

10.       Пайдаланылған дереккөздердің тізімі (7-15 атаулар) мақалада сілтеме/дәйексөз ретімен келтірілген; мәтіндегі сілтемелер төртбұрышты жақшада ресімделеді, мысалы – [1, б. 34]. 

Редакция жинақтың деңгейіне немесе тақырыбына сәйкес келмейтін заңнама талаптарына қайшы келетін дұрыс емес мәліметтерді қамтитын мақаланы қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Редакция қабылданбаған баяндамалардың авторларымен хат алмаспайды.

Қосымша 1.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ

мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың 75 жылдығына арналған

 «ҚАЗІРГІ ЗАМАН СЫН-ТӘУЕКЕЛДЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТЕАТР ҒЫЛЫМЫ МЕН БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

(Алматы, 04 қазан, 2023 ж.)

Тегі, Аты, Әкесінің аты 
Ел (қала) 
Жұмыс/оқу орны 
Лауазымы 
Ғылыми дәрежесі 
Ғылыми атағы 
Құрметті атақ (бар болса) 
Мекен-жайы (жұмыс/үй, индексі көрсетілген) 
Байланыс телефоны (аймақ коды көрсетілген), Whatsapp 
E-mail 
Конгрес бағытының атауы 
Баяндаманың, шолудың және/немесе мақаланың атауы 
Баяндама үшін қажетті техникалық құралдар (offline форматта қатысқан кезде) 
Баяндамамен қатысу (иә / жоқ) 
Қатысу нысаны (тікелей, сырттай) 
Қатысу режимі (online /offline) 
Толтыру күні 

 Қосымша 2.

Дизайн үлгісі: МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

(қазақ тілінде — Қазақстан азаматтары үшін, орыс және ағылшын тілінде)

ТАӘ

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы / курсы жұмыс орны/оқу орны, қала, ел

E-mail

(қазақ тілінде — Қазақстан азаматтары үшін,

 орыс және ағылшын тілдерінде)

Аннотация. мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін (қазақ тілінде – Қазақстан азаматтары үшін, орыс және ағылшын тілдерінде)

Түйін сөздер: мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін (қазақ тілінде – Қазақстан азаматтарына, орыс және ағылшын тілдерінде)

Мақала мәтіні мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін

Дереккөздер/әдебиеттер тізімі

Қосымша 3.

Кітаптар:

Сац Н. И. Дети приходят в театр. — Москва: Искусство, 1961. — 312 с.

Журналдар мен газеттер:

Сметова, А. А., Мукашева, А. Б. Становление и развитие дирижерско-хорового образования в Казахстане // Вестник КазНУ. Серия «Педагогические науки». — 2015. — №1 (44). — С. 4–10.

Конференция материалдары мен мақалалары:

Марченкова А., Марченков А. Художественный образ в хореографическом искусстве // Актуальные задачи педагогики: материалы III международной научной конференции. — Чита: Молодой ученый, 2013. — С. 25–32.

Электорндық ресурстер:

    Подкорытова М. О. За кулисами Cirque Eloize. Как создается шоу о любви [Электронный ресурс] // Официальный сайт сетевого издания Uralweb.ru / URL: http://www.uralweb.ru/pages/provereno/6462.html (Дата обращения: 19.04.17).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия