• 03.11.2024

«Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің қамы» атты мақаласы аясында студенттермен ашық сабағы болып өтті.

Авторkaznai

Фев 2, 2021

2 ақпан күні, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің ұйымдастыруымен ҚР президенті Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ «Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің қамы» атты мақаласы аясында студенттермен ашық сабағы болып өтті.

Аталған жиынды әлеуметтік тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімінің басшысы Нұрлан САҒЫНАЙ жүргізді. Іс-шараны жас шәкірттерге мемлекет басшысының мақаласынан үзінді келтіре отырып, мағынасын тарқата түсіндірумен бастады. Әрімен қарай, ашық сабақ «Өнертану» факультетінің студенттері дайындаған баяндамалар легімен жалғасты.

Өнертану мамандандыруының 2 – курс студенті Шұғыла ШӘКІР «Кемелі келген елдің келбеті» атты тақырыпта тұщымды ойын жеткізді. Презентациясында Алаш зиялыларынан бастап, бүгінде белгілі болған майталмандардың ғұмыр жолына шолу жасалды. «Осындай тұлғалар арқылы еліміздің мәдениеті мәңгілік жаңғыруда болмақ», — деп қорытынды сөзін айтты. «Артына өшпейтұғын із қалдырған» әрбір жауһарымыз арқылы тұтас мемлекеттің аты аталатынына тоқтала келе, замандастарын осы биікке ұмтылуға үндеді.

Кинотеледраматургия мамандандыруының 1-курс студенті Әйгерім ТҰРҒАНБАЙ «Шекара не өзен болар не кезең болар» тақырыбында баяндама оқыды. Аңсап қол жеткізген тәуелсіздіктің туын ұстап тұру, шекараның бекемдігі турасындағы пікірін ортаға салды.

Приемная комиссия