ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» кафедрасы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер, жас ғалымдар, студенттер!
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Сіздерді, 2022 жылдың 14 сәуірінде А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Рухани көсем, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және қоғамдық-саяси қызметі» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның мақсаты – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін үлгі ете отырып, қазақстандық жастардың ұлттық сана-сезімі мен патриотизмін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
- Конференцияның өтетін орны: Алматы қ., Панфилов к-сі, 127 мекенжайы бойынша Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
- Уақыты: 10.00
Конференцияға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жас оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері шақырылады.
Қатысудың формасы – онлайн.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
- 1. А. Байтұрсынов: қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, ағартушы-педагог.
- 2. Дәстүр мен инновация: заманауи ғылымдар жүйесіндегі қоғамдық-гуманитарлық пәндер.
- 3. Жаһандану жағдайындағы қазақстандық өнердің өзекті мәселелері.
Баяндаманы рәсімдеу кезінде авторлардан келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз. Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген баяндама мәтіні 5 бетке дейін, Times New Roman қарпі, қаріп өлшемі 14, азат жол – 1,25 см; жоларалық интервал – 1,0. Өрістер: жоғарғы – 2,0 мм, төменгі – 2,0 мм, оң – 2,0 мм, сол – 3,0 мм.
Тақырыпты безендіру: МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ (бас қалың әріптермен, жолдың ортасына туралау); бір жолдан кейін автордың тегі мен аты-жөні жазылады (жолдың ортасына туралау); келесі жолда – жоғары оқу орны атауы, қала (жолдың ортасына туралау); келесі жолда – байланыс үшін Е-mail (жолдың ортасына туралау); бір жолдан кейін – мақала мәтіні; (ағылшын тіліндегі аңдатпа қазақ және орыс тіліндегі мақалалар үшін; ағылшын тіліндегі мақалалар үшін аңдатпа қазақ тілінде беріледі, ары қарай, бір шегініс және негізгі мәтін);
Қатысуға өтінім (формасы қоса берілген) және мақала мәтінін (файлдың атауы: автордың аты-жөнімен беріледі) ұйымдастыру комитетінің электрондық адресіне kaznai.conf@mail.ru 2022 жылдың 25 наурызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.
Конференцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс.
- Үздік баяндамалар дипломдармен марапатталады. Конференцияға қатысушылар сертификаттарға ие болады.
- Ұйымдастыру комитеті жариялау үшін материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қаралмайды және кері қайтарылмайды.
- Баяндамалардың ғылыми мазмұны, олардың стилистикасы, грамматикасы және тыныс белгілері үшін жауапкершілік авторларға жүктеледі.
- Мақалаларды жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы: алынбайды.
- Ғылыми мақала жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының PDF форматындағы ISBN берілген жинағында жарияланатын болады.
Қатысқаныңыз үшін рақмет !
Рәсімдеу үлгісі:
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ
А.Ш. Ахметова
Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА, Алматы қ.
Аңдатпа
Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін
Әдебиеттер:
Қатысуға өтінім
Аты-жөні (толықтай) | |
Жоғары оқу орнының атауы | |
Қала, мемлекет | |
Байланыс телефондары | |
Электронды пошта | |
Баяндама атауы | |
Онлайн-қатысу түрі: 1. баяндамашы 2.тыңдаушы 3. Конференция жинағына мақала беру |