2025 жылғы 30 мамырда Астанада өткен «Орталық Азия – Италия» саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді
Осы кездесудің нәтижесінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Италиядағы SAINT LOUIS College of Music бірлесіп, «Playing Memories» халықаралық жобасын іске асырды.
Қазақстанда жалғасқан жобаның нүктесі 8 шілде күні Алматыдағы Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында қойылды. Қос елдің жас өнерпаздары «Пиноккио» спектаклін алматылық көрермен назарына ұсынды.
Бұл спектакль – ынтымақтастықтың бастамасы ғана. Шығармашылық серіктестік алдағы уақытта да жалғасады.



