Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнер 2026» халықаралық шығармашылық жобалар және креативті индустрия стартаптары байқауының басталғаны туралы хабарлайды.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері электрондық нұсқада 11 наурыздан бастап ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін musabaevkuat2@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.
Байланыс деректері: +7-701-766-3658.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады және мыналарды қамтуы тиіс:
• 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;
• 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
• Бейнеролик (60 секундтан аспайтын) немесе жобаның тұсаукесері (10 слайдтан аспайтын);
• 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығыстар сметасының жобасы;
• Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (PDF форматында), (бар болса).







