2026 жылғы 13-17 сәуір аралығында Академия қабырғасында ұйымдастырылып өткізілген Ғылым апталығы шеңберінде 14 сәуір күні сағат 15.00-де Академияның кинозалында Дөңгелек үстел келесі Бағдарламаға сәйкес жоғары деңгейде жүргізілді:
- 1. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының әкімшілігі тарапынан ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профессор Қ. З. Халықов құттықтау сөзін жеткізіп, білім алушыларға арналған іс-шараның маңыздылығы мен тәрбиелік мәнін белгіледі;
- 2. Халықаралық деңгейдегі мүсіншінің мерейтойлық көрмесін және Дөңгелек үстелдің өткізілуіне тікелей атсалысқан Марат Айнековтың қарындасы Тұрымтай Қойшыманова тұлғаның шығармашылық өмірбаянына жеке тоқтап құнды деректермен бөлісті. Т. Ө. Қойшыманова сөз соңында: «– жас суретшілер мен ұстаздарға арналып шығармашылық өнер Алаңы болатын арнайы кәсіби ғимаратты Алматы әкімшілігі қаланың туристік хаб деңгейінде дамыған орталық ретінде ашып берсе екен, бұл қазіргі заманда өте қажет!» — деп тілегін жеткізді;
- 3. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, О. Тансықбаев ат. Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің құрметті ұстазы А. А. Молдағалиева мүсіншінің колледждегі ұстаздық қызметі туралы естелігін айтты;
- 4. ҚР «Құрмет» орденінің иегері, «Көркемсурет» кафедрасының профессоры, белгілі суретші-мүсінші М. С. Жунисбаев М. Ө. Айнековтың колледжегі шәкірті және әріптесі ретінде өз жылы естеліктерімен бөлісті;
- 5. М. Ө. Айнековтың колледжегі келесі шәкірті және әріптесі болған ҚР «Парасат» орденінің иегері, «Көркемсурет» кафедрасының доценті, белгілі суретші-мүсінші Б. Құсайыновта мүсіншінің бірегейлігін ерекше белгілеп кетті;
- 6. Педагогика ғылымдарының магистрі, Ә. Қастеев ат. ҚР Ұлттық өнер музейінің «Қазақстан бейнелеу өнері ғылыми орталығының» жетекшісі Г. А. Жубанова «Әр формада – тағдыр, әр бейнеде – тарих» тақырыбындағы баяндамасымен мүсіншінің музейдегі сақтаулы туындыларына өнертанушылық сипаттама жасады;
- 7. Өнертанушы, PhD докторы, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Б. Р. Қарабалаева «Марат Айнековтың монументалды мүсіндерінің көркемдік ерекшеліктері» баяндамасын оқып мүсіншінің ескерткіштерін ұлттық мәдениеттің көркем коды және тарихи жадының материалдық көрінісі ретінде бағалады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Н. Байділдажәне«Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. С. Тұрғынбай мерейтой иелері мүсінші Марат Айнековтың туыстарына, келген қонақтарға, ұстаздар мен білім алушыларға аталған іс-шараға келіп қатысып өз үлестерін қосқандары үшін алғыстарын жеткізді. Іс-шара соңында ғылыми жұмыстар проректоры Қ. З. Халықов Академия ректоры атынан мүсіншінің туыстары мен келген қонақтарға, баяндама оқыған өнертанушыларға Алғыс хаттарын табыстады.
Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Көркемсурет» кафедрасының ұстаздары, соның ішінде модератор жүргізуші – PhD докторы, қауымд. профессор Е. Б. Қайранов, және көмекшілері – аға оқытушы А. А. Орманбеков, оқытушы Қ. Б. Асылбай.

















