Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры Марат Өмірсерікұлы Айнековтың туғанына 85 жыл толуына арналған Дөңгелек үстел өткізілді | ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
    • Байланыстар
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

kz ru en

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
    • Байланыстар
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Қабылдау комиссиясы)
kaznai@art-oner.kz
Панфилов көшесі, 127, Алматы, Қазақстан
Басты Жаңалықтар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры Марат Өмірсерікұлы Айнековтың туғанына 85 жыл толуына арналған Дөңгелек үстел өткізілді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры Марат Өмірсерікұлы Айнековтың туғанына 85 жыл толуына арналған Дөңгелек үстел өткізілді

24/04/2026

Жаңалықтар

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры Марат Өмірсерікұлы Айнековтың туғанына 85 жыл толуына арналған Дөңгелек үстел өткізілді

2026 жылғы 13-17 сәуір аралығында Академия қабырғасында ұйымдастырылып өткізілген Ғылым апталығы шеңберінде 14 сәуір күні сағат 15.00-де Академияның кинозалында Дөңгелек үстел келесі Бағдарламаға сәйкес жоғары деңгейде жүргізілді:

  1. 1. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының әкімшілігі тарапынан ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.д., профессор Қ. З. Халықов құттықтау сөзін жеткізіп, білім алушыларға арналған іс-шараның маңыздылығы мен тәрбиелік мәнін белгіледі;
  2. 2. Халықаралық деңгейдегі мүсіншінің мерейтойлық көрмесін және Дөңгелек үстелдің өткізілуіне тікелей атсалысқан Марат Айнековтың қарындасы Тұрымтай Қойшыманова тұлғаның шығармашылық өмірбаянына жеке тоқтап құнды деректермен бөлісті. Т. Ө. Қойшыманова сөз соңында: «– жас суретшілер мен ұстаздарға арналып шығармашылық өнер Алаңы болатын арнайы кәсіби ғимаратты Алматы әкімшілігі қаланың туристік хаб деңгейінде дамыған орталық ретінде ашып берсе екен, бұл қазіргі заманда өте қажет!» — деп тілегін жеткізді;
  3. 3. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, О. Тансықбаев ат. Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің құрметті ұстазы А. А. Молдағалиева мүсіншінің колледждегі ұстаздық қызметі туралы естелігін айтты;
  4. 4. ҚР «Құрмет» орденінің иегері, «Көркемсурет» кафедрасының профессоры, белгілі суретші-мүсінші М. С. Жунисбаев М. Ө. Айнековтың колледжегі шәкірті және әріптесі ретінде өз жылы естеліктерімен бөлісті;
  5. 5. М. Ө. Айнековтың колледжегі келесі шәкірті және әріптесі болған ҚР «Парасат» орденінің иегері, «Көркемсурет» кафедрасының доценті, белгілі суретші-мүсінші Б. Құсайыновта мүсіншінің бірегейлігін ерекше белгілеп кетті;
  6. 6. Педагогика ғылымдарының магистрі, Ә. Қастеев ат. ҚР Ұлттық өнер музейінің «Қазақстан бейнелеу өнері ғылыми орталығының» жетекшісі Г. А. Жубанова «Әр формада – тағдыр, әр бейнеде – тарих» тақырыбындағы баяндамасымен мүсіншінің музейдегі сақтаулы туындыларына өнертанушылық сипаттама жасады;
  7.  7. Өнертанушы, PhD докторы, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Б. Р. Қарабалаева «Марат Айнековтың монументалды мүсіндерінің көркемдік ерекшеліктері» баяндамасын оқып мүсіншінің ескерткіштерін ұлттық мәдениеттің көркем коды және тарихи жадының материалдық көрінісі ретінде бағалады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Н. Байділдажәне«Көркемсурет» кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. С. Тұрғынбай мерейтой иелері мүсінші Марат Айнековтың туыстарына, келген қонақтарға, ұстаздар мен білім алушыларға аталған іс-шараға келіп қатысып өз үлестерін қосқандары үшін алғыстарын жеткізді. Іс-шара соңында ғылыми жұмыстар проректоры Қ. З. Халықов Академия ректоры атынан мүсіншінің туыстары мен келген қонақтарға, баяндама оқыған өнертанушыларға Алғыс хаттарын табыстады.

Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Көркемсурет» кафедрасының ұстаздары,  соның ішінде модератор жүргізуші – PhD докторы, қауымд. профессор Е. Б. Қайранов, және көмекшілері – аға оқытушы А. А. Орманбеков, оқытушы Қ. Б. Асылбай.

Іздеу

Хабарландырулар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

17.04.2026

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

10.04.2026

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

Ғылым апталығы аясында өткізілетін «Көркемсурет» кафедрасының Мерейтойлық көрмелер және Дөңгелек үстелдер:

10.04.2026

Ғылым апталығы аясында өткізілетін «Көркемсурет» кафедрасының Мерейтойлық көрмелер және Дөңгелек үстелдер:

«BAIKONUR+07 –  Сан мен сана өнер кеңістігінде»

08.04.2026

«BAIKONUR+07 –  Сан мен сана өнер кеңістігінде»

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • “Таза Парақтан” Реттеу жобасы туралы
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Санаттар

  • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар

Біздің әлеуметтік желілеріміз

Қабылдау комиссиясы

БАКАЛАВРИАТ:

8 (727) 272-46-74

МАГИСТРАТУРА:

8 (727) 338-35-61

Академияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз өз жұмысымызда ашықтық, инклюзивтілік және қоғамға деген ықпал жасауға ұмтыламыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз біз үшін өте маңызды.

Академия

Құжаттар

Электрондық пошта:

kaznai@art-oner.kz

Ректордың қабылдауы:

8 (727) 338-35-55

Баспасөз қызметі:

8 (747) 331-43-24

© 2025 ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ.