2026 жылдың мамыр айында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының базасында В028 «Хореография» білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық байқауы өткізілді.
Байқауға Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарынан 10 студент қатысты:
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Қазақ ұлттық хореография академиясы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасының, «Заманауи хореография педагогикасы» дайындық бейінінің 4 курс студенті Маратқызы Сабина Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының III дәрежелі лауреаты атанды.
Маратқызы Сабинаның ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы «Hip-Hop биі бишінің шығармашылық даралығын дамыту құралы ретінде».
Ғылыми жетекшісі: Мәдениет қайраткері, «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценті Габбасова Гүлнара Надымқызы.









