2026 жылғы 27 мамырдан 2026 жылғы 1 маусымға дейін Стамбулда (Түркия) VII Стамбул Халықаралық балет байқауы өтті. Байқауға Түркия, Қазақстан, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Әзірбайжан, Ресей және Қырғызстаннан келген балет әртістері қатысты.
Халықаралық байқаудың қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының профессоры Туткибаева Гүлжан Усамбекқызы шақырылды.
І дәрежелі лауреат Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет солисі, 6В02178 «Хореография педагогикасы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Манабасова Адия болды, оны конкурсқа Туткибаева Гүлжан Усамбекқызы дайындады.
Лауреат пен оның ұстазын айтулы жеңісімен құттықтаймыз!






























