
2026 жылғы 29 қыркүйекте Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасында білім беру және ғылыми қызметте жасанды интеллектті пайдалануға арналған воркшоп өтті.
Іс-шара Академияның Ғылыми-инновациялық бөлімі және StrikePlagiarism.com антиплагиат жүйесінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Воркшоп барысында жасанды интеллектті пайдалану кезіндегі теріс әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ оқу және ғылыми жұмыстарда ЖИ көмегімен жасалған контенттің болуын бағалау жөніндегі ұсынымдар қарастырылды. Университеттерде жасанды интеллектті пайдалану саясатын енгізу, халықаралық тәжірибе, реттеу тәсілдері мен бағалау критерийлеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар жоғары білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын жауапкершілікпен қолданудың, академиялық адалдықты қамтамасыз етудің, сондай-ақ ЖИ көмегімен жасалған контентті анықтау мен бағалаудың заманауи тәсілдерімен танысты.
Воркшоп соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Өткізілген воркшоп Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыруға ықпал етті.










