19–23.10.2026 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінде Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген Латвия мәдениет академиясының оқытушыларының шеберлік сыныптары өтті.
Jazz би техникасы бойынша шеберлік сабақтарын Латвия мәдениет колледжінде Jazz биі бойынша оқытушы, Jazz Dance Fusion би бастамасының жетекшісі Ольга Спридзане өткізді.
Hip-Hop, House, Locking және Funk би техникалары бойынша шеберлік сабақтарын Латвия мәдениет колледжінде «Hip-Hop биі» мамандығының жетекшісі Кристина Тумакова өткізді.
Шеберлік сабақтарына «Хореография» факультетінің, «Заманауи хореография педагогикасы» дайындық бейіні және «Балетмейстерлік өнер» білім беру бағдарламасының 1–4 курс студенттері қатысты.

















