2026 жылғы 11 қарашада сағат 14:30-да Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы өзгерістерге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бастамасымен, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Kazpatent) Алматы филиалы өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылады.
Кездесу барысында:
- — авторлық құқық және құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы заңнаманың негізгі өзгерістері;
- — музыкалық туындылардың пайдаланылуын есепке алу тәртібі;
- — авторлық сыйақыны есептеу және бөлу тетіктері;
- — QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасының жұмысы;
- — құқық иеленушінің жеке кабинетінің мүмкіндіктері;
- — авторлар мен орындаушыларды платформада тіркеу тәртібі;
- — туындылар мен сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтерді енгізу мәселелері қарастырылады.
Kazpatent мамандары платформаның функционалын таныстырып, тіркелу және оны пайдалану бойынша практикалық кеңестер береді.
Кездесуге Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, білім алушылары, композиторлар, музыканттар, орындаушылар, продюсерлер және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.
Өтетін күні: 11 қараша 2026 жыл
Басталу уақыты: 14:30
Өтетін орны: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Ұйымдастырушы: Ғылыми-инновациялық бөлім.




