2026 жылғы 22 қазанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сән және костюм дизайны» кафедрасында 6В02197 «Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Istituto Europeo di Design (IED) арт-директоры және халықаралық брендтердің кеңесшісі Джованни Оттонеллоның қатысуымен шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара EURASIAN FASHION WEEK 2026 аясында «Белгісізді жобалау: тұжырымдамадан шығармашылық бірегейлікке дейін» тақырыбында ұйымдастырылды.
Шеберлік сабағы барысында Джованни Оттонелло дизайн және киімді тұжырымдамалық жобалау саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Студенттер шығармашылық идеяны дамыту тәсілдерімен танысып, өздерінің киім үлгілерін әзірледі және шақырылған маманнан кері байланыс алды.
Шеберлік сабағы студенттерге дизайн саласындағы халықаралық тәжірибемен танысуға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға және тұжырымдамалық жобалау бойынша практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Іс-шараны «Сән және костюм дизайны» кафедрасының оқытушысы Нұрмұғамбетова К.А. ұйымдастырды.










