Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының тарихы тереңде жатыр. 2001 жылы ҚР Президентінің Қаулысы шығып, оқу орынының ұлттық статусы анықталды. Темірбек Жүргенов Қазақ Ұлттық өнер академиясы шығармашылық интеллигенция өкілдерін дайындау барысындағы бірден бір танымал орталық екені анық. Академия түлектерін тәрбиелеу жұмысымен ҚР халық әртістері мен халық суретшілері, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, шығармашыл одақтардың мүшелері, халықаралық байқаулар мен фестивальдардың жүлдегерлері, ғылым докторлары, профессорлар айналысады. Академия халықаралық білім стандарттарына сай білім береді. Академия қабырғасында түрлі ғылыми симпозиумдер мен конференциялар, әйгілі режиссерлер, әртістер мен суретшілер, әлемдік деңгейдегі музыканттар ұйымдастырған шеберлік сағаттары, түрлі көрмелер жиі өтіп жатады. Еліміздегі шығармашылық ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларының елмен бөлісіп, айтары көп. Сондықтан да, апта сайын өтетін іс-шаралардың барлығын архивте сақтап қалу есебінде бастапқыда кішігірім видеолар түсіріліп, кейін ол апта сайын көрсетілетін жаңалықтарға ұласты. Сонымен қатар, студенттер телестудиясы оқу және білім беру процесіне жалғасын тапты.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Кино және телевизия» факультетінің жанынан ашылған оқу телелабараториясы тарихы 2000-шы жылдардан бастау алады. Телелабараторияның негізін салушы «Кино және ТВ» факультетінің профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ кинопедагогикасының негізін салғандардың бірегейі тележурналистика мен кинодокументалистика саласында есімі белгілі тұлға Абильдина Ғайнижамал Байғарақызы.
Ең алғашқы қолға алған оқу базалары болды. Олар фото цех, кино павилион және Өнер арнасы. Басында оқу теле лабараториясы кейіннен «Өнер» студиясы деп өзгертілді. Ең алдымен 15 минуттық жаңалықтарды түсіруден басталып, кейіннен кездесулерге, сұқбаттарға ұласып, ауқымды бағдарламалар жасауға кірісті. Академияда қабырғасында орын алып жатқан барлық іс – шараларды эфирге шығарып отырды. Академияның оқытушы құрамының мерейтойына арналған «Тұлға» атты портрет, 40-тан аса деректі фильмдер түсірілді. Операторлар Айдар Алимбеков, Валентин Стригоцкий, видеоинженер Еділбаев Бекболат, монтаж режиссеры Күнжарқын Сардарбекова болды.
Бүгінгі заманда жоғарғы оқу орынындағы оқу процесінде цифрлық технологияларды жан-жақты енгізіп, қолдану аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл үрдіс оқу процесін сапалы түрде жетілдіре отырып, тәлім тиімділігі жағынан жоғары санаттағы ақпараттық-білім беретін ортаны қалыптастыруға мүмкіндік ашып берді. Академияның студенттеріне телестудия осы міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылған болатын.
«Өнер» телестудиясында медиажурналистика, оператор, көркем фильм режиссеры, деректі фильм режиссеры, тв режиссурасы сынды мамандықтарға бейімділігін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды оқу платформасы болып табылады. Телесюжеттер, репортаждар, токшоу, сұхбат т.б теле бағдарламаларды жасап үйрену арқылы студенттер өздерін жеке әрі шығармашылық қырын шыңдайды.
Академияның студенттер ТВ-сы – бұл жан-жақты қоғамдық-көркем ТВ, сонымен қатар, білім беру процесін ақпаратпен қамтудың бірыңғай жүйесі. Телеккешеннің мақсаты ұзақ мерзімге бағытталған және нақт іс-әрекет пен нәтижеге иек артқан іс жүзіндегі тәрбиеге сүйенеді:
- – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия студенттері мен қызметкерлерін ақпаратпен қамту;
- – Студенттердің ұсынысын жүзеге асыра отырып, түрлі тақырыптардағы бейне жобалар әзірлеу;
- – Студенттер мен оқытушыларға арналған мәдени-ағартушылық, білімге баулитын бағдарламаларды жүзеге асыру;
- – Студенттер мен оқытушылардың шығармашыл және ізденімпаздық қасиетін дамыту;
- – Өнер Академиясы студенттерінің әлеуметтік-ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
- – Студенттердің азаматтық, кәсіби тұрғыда өскенін, өнердегі өз орынын табуға ықпал жасау;
Студенттер ТВ-ның бағдарламалары – ол, ең алдымен, жастардың өмір мен өнерге деген көзқарасы. Олар оқу орынына қатысты жаңалықтар мен репортаждарды өздері-ақ түсіретін болады. Суреткер ретінде көзқарасын білдіріп отырады.
Студенттер ТВ-ның басты бағыттары мен міндеттері – ақпараттық шығарылымдарда, бағдарламаларда студенттер өмірінің өзекті мәселелерін, олардың қоғамдық өміріндегі маңызды сәттерді көрсету, ТВ саласындағы кәсіби тәлімді игеру мақсатында, мамандарды шақыра отырып, шеберлік сағаттарын ұйымдастыру.
Редакция жүргізетін саясат, жоспарлау, нақты бір сюжетті немесе бағдарламаны әзірлеу құрамына студенттер ТВ-ның жетекшісі, ақпараттық бағдарламалар басшысы енетін редакция тобының құзырында болады.
Студия жетекшісі Күнжарқын Сардарбекова