2026 жылғы 15-қыркүйекте Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бірінші курс білім алушыларын магистратура мен докторантурада білім беру процесінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі ұйымдастыруымен 1 курс магистранттары мен докторанттары үшін ақпараттық-әдістемелік семинарлар өткізілді. Семинарлар оқыту процесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибелерді, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және бітіру біліктілік жұмыстарын дайындау мәселелерін қамтыды.
Өткізілген семинарлар білім алушыларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгеруге қойылатын нормативтік талаптармен таныстыруға, магистранттар мен докторанттардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, сондай-ақ оқу және ғылыми қызметті ұйымдастыруға байланысты сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді. Семинарлар білім алушылардың білім беру процесіне бейімделуіне және магистрлік және докторлық диссертацияларды дайындаудың негізгі кезеңдерін түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.










