Академиялық мәселелер жөніндегі қызметі

Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы
Академиялық мәселелер жөніндегі қызметінің басшысы
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының академиялық мәселелер жөніндегі қызметі-құрылымдық бөлімше, оқу үдерісін қолдауға және сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды міндеттерді орындайды.
Академиялық мәселелер бойынша қызметтің негізгі міндеттері
1) Білім беру сапасын қамтамасыз ету:
— Білім беру бағдарламаларының ESG стандарттарына сәйкестігі.
— Оқытудың инновациялық нысандарын енгізу.
2) Әдістемелік қолдау:
— Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу.
— Тест тапсырмаларын сараптау және студенттердің білімін бақылау.
3) Тәжірибе мен кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру:
— Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру.
— Кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар өткізу.
4) Академиялық жоспарлау:
— Сабақ кестелері мен академиялық күнтізбелер жасау.
— Студенттер контингентінің қозғалысын бақылау.
5) Студенттік қолдау:
— Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау мәселелері бойынша кеңес беру.
— Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
6) Бақылау және есеп беру:
— Оқу материалдарының сапасына мониторинг жүргізу.
— Статистикалық есептер мен құжаттамаларды дайындау.
7) Үйлестіру және өзара әрекеттесу:
— Факультеттер мен кафедралардың жұмысын үйлестіру.
— Семинарлар мен әдістемелік апталарды ұйымдастыру.
Академиялық мәселелер жөніндегі қызметі студенттерге де, оқытушы-прфессорлық құрмаға да қолдау көрсетіп, білім беру сапасын дамытуға ықпал ете отырып, академияның білім беру жүйесінде шешуші рөл атқарады.
Іздеу
Хабарландырулар

26.02.2026

25.02.2026



