2026-2027 оқу жылының көктемгі семестріне екіжақты келісімдер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Құжаттар 2026 жылдың 17-30 қыркүйек аралығында қабылданады. БІРІНШІ ЖӘНЕ БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰЖАТТАРЫ ҚАРАЛМАЙДЫ!
Шетелдік серіктес оқу орындары тарапынан ұсынылған орындар шектеулі
Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финал.
Конкурсқа қатысу үшін (I кезең) үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:
- — Өтініш (Үлгісін 9 кабинеттен ала аласыздар);
- — 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) транскрипт, офис-тіркеуші бөлімімен беріледі (5 каб.,);
- — Мотивациялық хат (қазақ немесе орыс тілдерінде);
- — Ұсыныс хат (шебердің/басшының/куратордың және факультет деканының қолымен куәландырылған (қазақ немесе орыс тілдерінде);
- — Сертификаттар: IELTS 5.0 төмен емес, неміс тілі В2 деңгейінен төмен емес, корей тілі TOPIC 3 деңгейінен төмен емес. IELTS 5.0 сертификаты бар студенттер ауызша сұхбаттан босатылады.
Конкурстық іріктеудің I кезеңін өткізу кестесі қосымша жіберілетін болады.
Іріктеу кезеңінің нәтижелері Академияның сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.
Конкурстық іріктеудің II кезеңі (финалдық кезең) қабылдаушы ЖОО-да 2026 жылдың қараша/желтоқсан айының соңына дейін өтеді. Студентті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту туралы түпкілікті шешім қабылдаушы жоғары оқу орнының басшылығында қалады (құжаттардың негізгі пакетін қалыптастыру екі кезеңнің қорытындысы бойынша жүргізілетін болады).
Жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын 9 кабинетке (бас корпусқа) тапсыруларыңызды сұраймыз.
Толық ақпарат алу үшін халықаралық байланыстар бөліміне (бас корпус, 9 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз. Тел.: +7 (727) 320 18 23; эл.почта: kaznaa@bk.ru






