• 21.05.2022

Алматыда Қазақ Ұлттық өнер академиясында Камал Смайылов атындағы кинозал ашылды

Авторkaznai

Сәу 21, 2022

Биыл белгілі жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия майталманы Камал Смайыловтың туғанына – 90 жыл. Қайраткердің есімін ұлықтау мақсатында Алматыда бірқатар шара өтті.

Қазақ Ұлттық өнер академиясында қайраткер атындағы кинозал ашылды. Сондай-ақ, жазушының әр жылдары түскен суреттерінен фото көрме ұйымдастырылды. Шараға Камал Смайыловтың досы Төрегелді Шарманов бастаған бір топ замандастары, шәкірттері мен студенттер қатысты.

Нәзира Елеухан, Камал Смайыловтың шәкірті:

Ол кісі «Қазақфильм» киностудиясын басқарған жылдары ол кісінің қолынан қазақ классикасына айналған айтулы фильмдер дүниеге келді. «Қыз Жібек», «Транссібір экспресі», «Тақиялы періште», «Көксерек» мұның барлығы қазақ киносына қалған үлкен қазына.

Толығырақ: Алматыда Қазақ Ұлттық өнер академиясында Камал Смайылов атындағы кинозал ашылды – «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Приемная комиссия