«Ең үздік оқу басылымдары (монография, оқулық, оқу құралы) және Web of Science, Thomson Reuters, Scopus дәйеккөз келтірудің халықаралық базаларына кіретін нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарындағы ең үздік жарияланымдар» Конкурсының 01.11.2021 жылғы № 01/04-205П ректордың у.м.а. бұйрығымен бекітілген комиссия отырысының қорытындысы бойынша, академияның ПОҚ-нан келесі жеңімпаздар анықталды:

«Монография» номинациясы:

1. А. А. Кульшанова, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры – «Новые подходы в изучении советской национальной политики в Казахстане в период становления тоталитарного государства»;

2. А. А. Таутенбаева, «Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының доценті – «Студенттердің ұлттық рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру»;

3. Г. А. Амангельдиева, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті – «Интегративная технология обучения русской речи в национальной аудитории», «Девиации в неисконной русской речи билингвов»;

  • Ж. Т. Берістенов, «Сәндік өнер» кафедрасының профессоры – «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда».

«Оқу құралы» номинациясы:

  1. Қ. Төлен,«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры – «Шертерге арналған пьесалар»;
  2. М. Е. Жангужинова, «Сценография» кафедрасының доценті – «Түстану».

«Scopus базасындағы мақала» номинациясы:

1. М. Д. Шаймерденова, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры – «National struggle in soviet Turkestan: the role of Kazakh leader Turar Ruskulov».

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға ғылыми табыстар тілейміз!