ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІТ.

ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ КОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ!

          Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультеті 2022 жылдың 07-08 сәуір күндері өтетін «Топжарған» атты талапкерлерге арналған республикалық байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың негізі мақсаты:


— «Өнертану» факультетіне жазушылық, сыншылық қабілеті бар дарынды жастарды тарту;

— кино, театр және бейнелеу өнерінің туындылары туралы насихаттауды, оларды зерттеп-зерделеп, шығармашылық-ғылыми көзқарас білдіруге құштарлық танытып жүрген және пьеса, сценарий, тележобалар жазуды армандайтын талапкерлерге өз бағын сынап көруге мүмкіндік беру;

— І орын алған байқау лауреаттарына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану», «Кинотану», «Театртану», «Кинотеледраматургия» мамандығы 2022-2023 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни шығармашылық емтихан тапсырмай, тек кешенді тестілеуден ғана өтеді.

— жастарды қолдау және оларға шығармашылықтарын дамытуға ықпал ету;

— дарынды жастарды анықтап, марапаттау;

Байқауға өтінім беру және қатысуға арналған Ереже қосымша беріледі.

Ұйымдастырушы: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Өнертану» факультеті.

Жауаптылар: Г.Көпбаева және М.Жақсылықова, З.Ыдырыс, А.Ахмет

Байланыс телефондары: 8 727 / 281-82-91 (деканат)

                                             8 708 527 97 74 (М.Жақсылықова)

Электронды мекен-жай: onertanu2014@mail.ru.