• 28.03.2024

«Қазақстан өнері: тұлғалар және креативтік ғылым» тақырыбында жас ғалымдар арасында үздік ғылыми эссе

Авторkaznai

Қар 10, 2021

Ақпараттық хат

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұдан әрі — Академия) 2021 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан өнері: ұлы тұлғалар креативті ғылым» тақырыбында жас ғалымдар арасында үздік ғылыми эссенің I республикалық конкурсын (бұдан әрі — конкурс) өткізеді.

Конкурсты ұйымдастырушы: Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми-редакциялық бөлімі

Адрес: 050000, Қазахстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к., 127

Байланыс телефоны: +7 (727) 272-04-99 Website: kaznai.kz

Email: kaznai_nauka@mail.ru Instagram: @zhurgenov.science

Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты Қазақстанның ғылымы мен өнерінің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың қызметі туралы ғылыми айналымға жаңа зерттеулерді енгізу болып табылады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын 18-35 жас аралығындағы жас ғалымдары — жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратура студенттері қатыса алады.

Конкурсқа бұрын баспа немесе электрондық түрде жарияланбаған бірегей жұмыстар (ғылыми эсселер) ғана жіберіледі.

Өтінімдер мен ғылыми жұмыстарды қабылдау: 2021 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін.

Комиссия жұмысы және жеңімпаздарды    іріктеу:    2021- жылдың    13–14 желтоқсаны

Нәтижелерді жариялау және марапаттау рәсімі (офлайн / онлайн): 2021 жылдың 15 желтоқсаны

Құжаттамаларды рәсімдеуді, қатысушыларға және ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты I республикалық үздік ғылыми эссе байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелерінен білуге болады.


Приемная комиссия