«Эстрада оркестрінің аспаптары» кафедрасы
2008 жылы «Эстрадалық оркестрдің аспаптары» кафедрасы қайта құрылған «Театр өнері және эстрада» факультетінің негізінде ашылған «Музыкалық өнер» факультетінің құрамына енді.
Музыкалық және орындаушылық өнер саласындағы жоғары білікті мамандар әр жылдары кафедраны басқарды: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Калиева А.Ж., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Канапиянова Г.М., мәдениет қайраткері Люберцев В.В., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Оренбургский А.А., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Интыкбаев Е.А.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап, «Эстрадалық оркестр аспаптары» кафедрасының меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Абельтаева Жанел Ертаевна атқарып келеді.
Кафедра академияның оқу-әдістемелік, ғылыми және шығармашылық бөлімшесі болып саналып, оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметті атқарады.
Кафедра мына білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды оқытады:
- 6В02112, 6В02194 «Эстрада өнері»/«Эстрадалық оркестр артисі» (бакалавриат)
- 7М02194 «Эстрада өнері»/«Эстрадалық оркестр артисі» (магистратура)
- 7D02194 «Эстрада өнері»/«Эстрадалық оркестр артисі» (докторантура)
«Эстрада оркестрінің аспаптары» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары білікті, тәжірибелі кәсіпқой мамандардан, орындаушы-музыканттар мен нағыз ұстаздардан құралған. Оладың қатарында 2 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 4 профессор, 2 доцент, 2 өнертану ғылымдарының магистрі бар:
- Бекмұхамедов Б.М. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
- Бегалинова Г.А. – өнертану кандидаты, профессор.
- Әбілтаева Ж.Е. – педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент)
- Жұмабекова Л.А. — өнертану кандидаты, аға оқытушы
- Бегімбетова Д.Ж. – профессор.
- Ропа П.П. – мәдениет саласының үздігі, доцент
- Қалиева А. Ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Ибраева К.Е. — педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
- Баннов В.М. – мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы
- Интыкбаев Е.А. – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы
- Мұхамеджанова Р.Д. – аға оқытушы
- Архипова Н.В. — өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы
- Ястремский Е.П. – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы
- Салықова Д.О. – оқытушы
- Осипов В.А. — оқытушы
- Оленин В.О. – оқытушы
- Даулетбаев Ч.А. – оқытушы
- Балтабай Е.Б. – оқытушы
- Ахметов К.М. – оқытушы
- Пак Э.В. — оқытушы
Кафедраның негізгі жұмыс бағыты – эстрада-джаз өнері саласындағы мамандарды дайындау. Кафедраның негізінде дайындалған әдістемелер әр студентке жеке оқыту тәсілін қолдануға мүмкіндік береді. Осының өзі болашақ кәсіпқой маманның қалыптасуының кепілі. Джаз және көпшілік музыка мектептерінің терең дәстүрлеріне арқа сүйей отырып, болашақ мамандарды оқытудың тың әдіс-тәсілдері жүзеге асырылып келеді. Аспапта орындаушыларды дайындаудың іргетасы, сөз жоқ, джаз гармониясының, импровизацияның негіздерін, аранжировка, джаз ансамбльдері мен оркестрлерінде ұжымдық орындау курстарын меңгеру.
Студенттер мен оқытушылар өткізетін концерттер – оқыту үрдісін жаңа кәсіби деңгейге көтереді. Кафедра түлектері шығармашылық жолын таңдап, елімідің эстрадалық-джаз оркестрлері мен ансамбльдерінде біліктілігін ұштай түседі.
Іздеу
Хабарландырулар

23.04.2025

18.04.2025