Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Тәрбие ісі мен әлеуметтік мәселелер бөлімінің ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті. Спорт сайысына оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысып, өзара командалық шеберлігін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша Театр факультетінің командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, І орынды иеленді.
Әлеуметтік маңызы зор іс-шараға қатысқан барша әріптесерімізге алғыс білдіреміз.
