• 28.04.2024

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» Республикалық байқау

Авторkaznai

Қаз 10, 2023

Құрметті Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы!

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да 2023 жылдың 1 қарашасы мен 10 қарашасы аралығында «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауының ЖОО-ішілік кезеңін өтеді.

Байқауға қатысу ережелері https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021548#z6 сілтемесі бойынша

(«”Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы” атағын беру қағидаларын бекіту туралы” ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 466 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21548 болып тіркелді).

Өтініштер Universitycontest2023.iac.kz сайтында академияның жауапты тұлғасы арқылы беріледі.

Конкурстың I кезеңіне академияның штаттық оқытушыларының қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы немесе қағаз жеткізгіште мынадай құжаттарды тапсырады:

  • 1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына конкурсқа қатысуға өтінім нысаны;
  • 2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
  • 3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс кестесі;
  • 4) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • 5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Өтінімдерді беру бойынша сұрақтар бойынша ғылыми-редакциялық бөлімге (26 ауд.) хабарласуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия