«КИНО, ТЕАТР ЖӘНЕ ВИЗУАЛДЫ МӘДЕНИЕТТЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ БЕЙНЕСІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ | ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

kz ru en

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Қабылдау комиссиясы)
kaznai@art-oner.kz
Панфилов көшесі, 127, Алматы, Қазақстан
Басты Жаңалықтар «КИНО, ТЕАТР ЖӘНЕ ВИЗУАЛДЫ МӘДЕНИЕТТЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ БЕЙНЕСІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ
«КИНО, ТЕАТР ЖӘНЕ ВИЗУАЛДЫ МӘДЕНИЕТТЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ БЕЙНЕСІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ

07/08/2026

Жаңалықтар

«КИНО, ТЕАТР ЖӘНЕ ВИЗУАЛДЫ МӘДЕНИЕТТЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ БЕЙНЕСІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТЕДІ

Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған іс-шаралар аясында

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жошы Ұлысының тарихи мұрасын ілгерілету жөніндегі ақпараттық сүйемелдеудің медиа-жоспарын іске асыру аясында 2026 жылғы 14 тамызда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Кино, театр және визуалды мәдениеттегі Алтын Орданың бейнесі» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтеді.

Аталған ғылыми іс-шараның мақсаты – Жошы Ұлысының (Алтын Орда) тарихи мұрасын қазіргі кино, театр және визуалды мәдениет контексінде ғылыми тұрғыдан зерделеу, ұлттық тарихи сананы нығайту, қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын дәріптеу және тарихи тақырыптарды қазіргі көркемдік кеңістікте жаңаша пайымдау.

Бүгінгі таңда тарихи мұраны сақтау мен насихаттау тек тарих ғылымының ғана емес, өнертану, театртану, кинотану, мәдениеттану және гуманитарлық ғылымдардың да маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, дөңгелек үстел ұлттық мәдени кодты, тарихи жадыны және рухани құндылықтарды қазіргі өнердің көркемдік құралдары арқылы таныту мәселелерін талқылайтын маңызды ғылыми пікірталас алаңы болмақ.

Іс-шара барысында Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасы, Алтын Орданың ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы орны, оның кино өнеріндегі, театр сахнасындағы және визуалды мәдениеттегі көркемдік бейнесі, сондай-ақ тарихи тақырыптарды заманауи шығармашылық тұрғыдан интерпретациялау мәселелері кеңінен қарастырылады.

Ғылыми дөңгелек үстелдің жас зерттеушілер, докторанттар, магистранттар және студенттер үшін де маңызы ерекше. Мұндай ғылыми кездесулер болашақ өнертанушылардың, театртанушылардың, кинотанушылардың және мәдениеттанушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастырып, олардың ұлттық тарих пен мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар қатысушылар тәжірибелі ғалымдардың баяндамаларын тыңдап, өзекті ғылыми мәселелер бойынша пікір алмасуға, пәнаралық зерттеу бағыттарымен танысуға және кәсіби ғылыми ортада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары ұлттық тарихи сананы нығайтуға, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан тереңірек түсіндіруге және Жошы Ұлысының тарихи мұрасын қазіргі өнер арқылы кеңінен дәріптеуге ықпал етеді. Мұндай ғылыми бастамалар жастардың бойында отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыруға, тарихи сабақтастықты дәріптеуге және ұлттық мәдени мұраны сақтауға бағытталған маңызды ағартушылық қызмет атқарады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы еліміздегі жетекші шығармашылық жоғары оқу орны ретінде ұлттық мәдени мұраны зерттеу, сақтау және оны қазіргі өнер кеңістігінде жаңаша таныту бағытындағы ғылыми жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Академия қабырғасында ұйымдастырылатын осындай ғылыми іс-шаралар отандық өнертану ғылымының дамуына, шығармашылық білім беру сапасының артуына және Қазақстанның мәдени-гуманитарлық әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға өз үлесін қосады.

Іс-шараның ашылуында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жүдебаев Арман Әділханұлы құттықтау сөз сөйлейді.

Ғылыми баяндамалармен:

  • Нұрмұхамбетов Ардақ Амангелдіұлы, философия докторы (PhD), Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доцент м.а. – «Алтын Орда: тарихы мен тағылымы»;
  • Акчалов Ерлан Едлович, Экрандық өнер режиссурасы кафедрасының доценті – «Ұлттық бірегейлік коды ретіндегі Алтын Орда: кино мен теледидар үшін жаңа сын-қатерлер» тақырыптарында баяндама жасайды.

Дөңгелек үстелдің модераторы – философия ғылымдарының докторы, профессор, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Халықов Қабыл Заманбекұлы.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер, жас зерттеушілер және шығармашылық қауым өкілдері қатысады.

Өтетін күні: 14 тамыз 2026 жыл

Уақыты: 11:00

Өтетін орны: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Ректорат залы.

Баршаңызды ғылыми дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз!

Іздеу

Хабарландырулар

Бюджеттік бос орындарға үміткерлердің тізімі

14.07.2026

Бюджеттік бос орындарға үміткерлердің тізімі

Босаған бюджеттік бос орындар туралы ақпарат

14.07.2026

Босаған бюджеттік бос орындар туралы ақпарат

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

17.04.2026

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

10.04.2026

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • “Таза Парақтан” Реттеу жобасы туралы
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Санаттар

  • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар

Біздің әлеуметтік желілеріміз

Қабылдау комиссиясы

БАКАЛАВРИАТ:

8 (727) 272-46-74

МАГИСТРАТУРА:

8 (727) 338-20-31

Академияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз өз жұмысымызда ашықтық, инклюзивтілік және қоғамға деген ықпал жасауға ұмтыламыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз біз үшін өте маңызды.

Академия

Құжаттар

Электрондық пошта:

kaznai@art-oner.kz

Ректордың қабылдауы:

8 (727) 338-35-55

Қабылдау комиссиясы:

8 (727) 272-46-74

© 2025 ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ.

Сделано в Alteman