«Кино, театр және визуалды мәдениеттегі Алтын Орданың бейнесі» ғылыми дөңгелек үстелі өтті | ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

kz ru en

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
    • Оқу-әдістемелік кеңес
    • Байланыстар
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Қабылдау комиссиясы)
kaznai@art-oner.kz
Панфилов көшесі, 127, Алматы, Қазақстан
Басты Жаңалықтар «Кино, театр және визуалды мәдениеттегі Алтын Орданың бейнесі» ғылыми дөңгелек үстелі өтті
«Кино, театр және визуалды мәдениеттегі Алтын Орданың бейнесі» ғылыми дөңгелек үстелі өтті

14/08/2026

Жаңалықтар

«Кино, театр және визуалды мәдениеттегі Алтын Орданың бейнесі» ғылыми дөңгелек үстелі өтті

2026 жылғы 14 тамызда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Кино, театр және визуалды мәдениеттегі Алтын Орданың бейнесі» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жошы Ұлысының тарихи мұрасын ілгерілету бойынша ақпараттық сүйемелдеудің медиа-жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және насихаттау, Алтын Орданың қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы тарихи маңызын дәріптеу, сондай-ақ оның бейнесін кино, театр және визуалды мәдениет арқылы заманауи тұрғыда таныту.

Іс-шараны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Арман Әділханұлы Жудебаевтың құттықтау сөзімен ашты.

Дөңгелек үстелде өзекті баяндамалар ұсынылды. Экрандық өнер режиссурасы кафедрасының доценті Ерлан Едлович Акчалов «Ұлттық бірегейлік коды ретіндегі Алтын Орда: кино мен теледидар үшін жаңа сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасап, Алтын Орда тақырыбын экран өнерінде бейнелеудің мүмкіндіктері мен өзекті мәселелеріне тоқталды.

Ал философия докторы (PhD), Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доцент м.а. Ардақ Амангелдіұлы Нурмухамбетов «Алтын Орда: тарихы мен тағылымы» тақырыбында баяндама ұсынып, Жошы Ұлысының тарихи мұрасы мен оның бүгінгі қоғам үшін маңызына назар аударды.

Дөңгелек үстелді философия ғылымдарының докторы, Академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекұлы Халықов жүргізді.

Іс-шараға Академияның профессор-оқытушылар құрамы, қоғам қайраткерлері, докторанттар, магистранттар, жас зерттеушілер және шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

Талқылау барысында Жошы Ұлысының тарихи мұрасын қазіргі өнер кеңістігінде насихаттау, тарихи тақырыптарды кино, театр және визуалды өнерде көркем интерпретациялау, ұлттық тарихи сананы қалыптастыру және жас зерттеушілер мен шығармашылық мамандарды осы бағыттағы жобаларға тарту мәселелері қарастырылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша резолюцияда қатысушылар Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын ғылыми және шығармашылық бағытта кеңінен насихаттау және ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар қабылдады:

  1.  «Жошы Ұлысы және Алтын Орда: тарих, өнер және мәдениет» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу;
  1. Алтын Орда тарихы мен мәдениетін кинематография, театр және бейнелеу өнері арқылы насихаттауға арналған шығармашылық конкурстар ұйымдастыру;
  2. Студенттер мен жас зерттеушілер арасында қысқаметражды фильмдер, деректі фильмдер, бейнероликтер және әлеуметтік роликтер байқауын өткізу;
  3. «Алтын Орда бейнесі» тақырыбында театрлық қойылымдар, драматургиялық шығармалар мен сахналық жобалар әзірлеу;
  4. Жошы Ұлысының тарихи мұрасына арналған көркем және ғылыми-танымдық көрмелер ұйымдастыру;
  5. жас ғалымдар мен шығармашылық жастардың ғылыми-зерттеу және өнер жобаларын қолдау, соның ішінде гранттық және жобалық бастамаларға қатысуға мүмкіндік жасау;
  6. Алтын Орда тақырыбындағы кино сценарийлері мен драматургиялық шығармалар байқауын өткізу;
  7. Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын дәріптейтін ғылыми-танымдық бейнематериалдар, подкасттар, деректі жобалар және цифрлық контенттер сериясын әзірлеу.

Іс-шара Жошы Ұлысының тарихи мұрасын өнер арқылы танытуға, тарихи жады мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ ғылым мен шығармашылықтың өзара ықпалдастығын дамытуға бағытталған маңызды пікірталас алаңына айналды.

Іздеу

Хабарландырулар

Бюджеттік бос орындарға үміткерлердің тізімі

14.07.2026

Бюджеттік бос орындарға үміткерлердің тізімі

Босаған бюджеттік бос орындар туралы ақпарат

14.07.2026

Босаған бюджеттік бос орындар туралы ақпарат

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

17.04.2026

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

10.04.2026

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • “Таза Парақтан” Реттеу жобасы туралы
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Санаттар

  • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар

Біздің әлеуметтік желілеріміз

Қабылдау комиссиясы

БАКАЛАВРИАТ:

8 (727) 272-46-74

МАГИСТРАТУРА:

8 (727) 338-20-31

Академияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз өз жұмысымызда ашықтық, инклюзивтілік және қоғамға деген ықпал жасауға ұмтыламыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз біз үшін өте маңызды.

Академия

Құжаттар

Электрондық пошта:

kaznai@art-oner.kz

Ректордың қабылдауы:

8 (727) 338-35-55

Қабылдау комиссиясы:

8 (727) 272-46-74

© 2025 ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ.

Сделано в Alteman