• 18.04.2024

«Кітапханалардағы, мұрағаттардағы және музейлердегі құжаттарды консервациялау және зерттеу»

Авторkaznai

Мам 31, 2023

2023 жылдың 31 мамырында «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мусаханова Мадина Зұлпыхарқызы Ресей Ұлттық кітапханасының кітапханалық қорларды сақтау федералды орталығы ұйымдастырған «Кітапханалардағы, мұрағаттардағы және музейлердегі құжаттарды консервациялау және зерттеу» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – әртүрлі тасымалдағыштардағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және зерттеу саласындағы мәселелерді қарастыру, келесі тақырыптар бойынша практикалық және ғылыми қызметте тәжірибе алмасу:

  • – мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру: теория және практика;
  • – құжаттарды сақтау саласындағы материалтану және жаратылыстану зерттеулері;
  • – кітапханалардағы, мұрағаттардағы және мұражайлардағы құжаттарды сақтау мәселелері мен келешегі;
  • – мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы инновациялық технологиялар;
  • – құжаттарды сақтау саласында мамандарды даярлау;
  • – мәдени мұраны сақтау саласындағы стандарттау;
  • – құжаттардың экспозициясы: мәселелер мен шешімдер.

Профессор Мұсаханова М.З. «Құжаттарды қалпына келтіру ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия