2026 жылғы 17 қыркүйекте Театр өнері факультеті «Жеке ән салу» кафедрасының ұлағатты ұстазы, профессор Жүніс Мақсұт Оразұлына арналған «Ән болып қалатын тәлім» атты концерттік кеш өтті.
Сахна шымылдығы ұстаздың өмірі мен шығармашылық-педагогикалық жолына арналған деректі фильмнің көрсетілімімен ашылды. Фильм арқылы профессордың өнердегі еңбек жолы, ұстаздық қызметі мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі көрермен назарына ұсынылды.
Кештің құттықтау бөлімі Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Ергөбек Шыңғыс Құлбекұлының құттықтау сөзімен басталды. Сондай-ақ кешке Ақмола облыстық қазақ-музыкалық драма театрының директоры Қалдаров Жарас Шотбекұлы арнайы келіп, профессорға жүрекжарды тілегін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.
Концерттік бағдарламада профессордың әр жылдардағы шәкірттері — Саймасаева Г.Б., Жамалбек Ұ., Жазильбеков Ж., Қадырбаев Н., Сахаман А., Акипбаев А., Рахмет М., Темір С., Өмірзақов А., Байлин А., Әбділдә М. және басқа да шәкірттері өнер көрсетті.
Кеш барысында жеке әндер орындалып, мюзиклдерден үзінділер ұсынылды. Шәкірттер өз өнерлері арқылы ұстазға деген ыстық ықыласы мен шынайы алғысын жеткізді.


















